ИНТЕРНЕТТЕГІ ЖАРНАМАЛАР АРҚЫЛЫ КӨБЕЙІП ЖАТҚАН ЕСІРТКІ САУДАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

67
0
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Досанов Жандос Есенжанұлы және Шымкент қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма бастығының орынбасары Сакенов Сабыржан Жарылқасынұлының қатысуымен қаладағы есірткі қылмыстарының алдын алу және онымен күресу төңірегінде өткен баспасөз брифингте мәлім болды.
«Әлеуметтік желілерде оңай жолмен табысты көздейтін жарнамалар көбеюде, онда сатушылар интернет арқылы мобильді қосымшалар «Olx.kz, HeadHunter, Telegram», сайттар және мессенджерлерді пайдаланып курьерлік қызметтін ұсынады. Әрі қарай бір-бірін көрмей, қашықтықта отырып, оларға жасырылынған синтетикалық есірткілердің координаттарын жолдайды. Осылайша жастарымыз оңай ақшаны табамын деп, өз болашақтарына балта шабуда», — деді Жандос Есенжанұлы.
Осы жылы Шымкент қаласының ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын аса ірі мөлшерде кезекті тасымалдау кезінде кәмелетке толмаған бала ұстады. Тергеу барысында кәмелетке толмаған өз жауабында әлеуметтік месенджерінде «Telegram» оңай ақша табу туралы хабарландыруға қызығушылық танытып, курьерлік жұмысын бастаған. Қазір оған қатысты аса ауыр санатындағы, яғни жаза мөлшері 15, 20 жылдан асатын іс тіркеліп, сотқа жолданды (297-бап). Іс қаралуда. Сот-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, көбіне бұл қылмыс заман ағымына сәйкес әлеуметтік желілер арқылы дамуда. Оның алдын алу үшін және күрес араларының тиімділігін арттыру мақсатында биыл қала прокуратурасының тікелей араласуымен жергілікті ПД-і жаңа программалық кешендермен қамтамасыз етілді («CROSS», «IRIS», «RADIX», «SCRIPTUR», «BLURE»). Атқарған жұмыстардың нәтижесінде биыл курьерлік қызметін атқарып (закладчик), синтетикалық есірткі заттарын жасырып жүрген 20 күдікті құрықталды. Сонымен бірге, есірткіні жарнамалайтын, олардың сатып алу жолдарын көрсететін және басқа да нашақорлыққа қатысты әлеуметтік желілерде таралған 511 сілтемелер анықталып, олар толық бұғатталды. Бұдан бөлек, Полиция департаменті көше бойында, тұрғын үй дуалдарында және т.б. орындардан 500-ден астам есірткі жарнамаларын алып тастады.