ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТ КҮРМЕУЛІ МӘСЕЛЕМЕН КҮРЕСУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ
Қоғамда сыбайлас жемқорлық сынды тамыры тереңнен бастау алатын мәселе бар. Бүгінде заң тұрғысынан қаншалықты қатаң талаптар қабылданғанымен, мәселе түбегейлі шешімін тапқан жоқ. Жасыратыны жоқ, бүгінде әлеумет өзінің құқығын білмегендіктен, түрлі пара беру, сыбайластыққа бару сынды қылмыстармен бетпе-бет келіп жатады. Сондықтан әуелі азаматтардың бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытудың маңызы да, міндеті де зор. Бұл тұрғыдан келгенде, Түркістан қаласында атқарылып жатқан жұмыстардың қатары қалың. Осы орайда, бүгінгі материалымызда аталған тақырып турасында тарқата баяндамақпыз…
Қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруда жұртшылықтың құқықтық мәселелер жөніндегі сұраныстарының шешім табуына ықпал ету маңызды екені белгілі. Осы орайда, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың бастамасымен «Құқықтық көмек» жобасы қолға алынып, азаматтардың заң талаптарына қатысты сұраныстарына жауап алуда заңгерлерден кәсіби көмек алуға мүмкіндік беретін алаң болып қалыптасып отыр. Мемлекет басшысы айтқан әділдік пен заңның үстемдік құруын осындай нақты істермен қамтамасыз етуде бүгін ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастыруымен «Құқықтық көмек» жобасы аясында жеке сот орындаушыларға қатысты мәселелер бойынша тақырыптық қабылдау болып өтті. Республика көлемінде осы тақырып шеңберіндегі бірыңғай қабылдау күні болып белгіленген іс-шараға жеке сот орындаушылардан бөлек, Түркістан облыстық әділет және полиция департаменттерінің жауапты өкілдері де қатысты. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев келушілерге бүгінгі шараның мақсат-мұратын түсіндіріп, осында жиналған мамандардан заңгерлік кеңес алуға шақырды. Тұрмыстағы түрлі түйткілдер азаматтардан сауатты құқықтық қимылдар жүргізуін талап етеді. Оның ішінде өз құқықтарын қорғауда түрлі инстацияларға жүгіну, талап-арыздар толтыру, отбасылық қарым-қатынас пен тұрғын үй, еңбек қатынастары салаларында заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қамту мәселелерінде кәсіби заңгерлік көмекті талап ететін жағдаяттар көптеп кездеседі. Тұрғындардан сондай-ақ, банктердегі жеке шоттарының бұғатталауы, мүлікке иелік ету құқының шектелуі, алимент өндіру, несие қарыздарын өтеу мәселелері бойынша шағымдарын жиі білдіреді. Түркістан қаласының тұрғыны Балнұр Бекболат жолдасы мен оның қарындасына ата-анасынан мұрагерлікке қалған үйді қарындасы толығымен ағасына беремін деп келіскенін, алайда, оған белгілі бір қаржы төленуі тиістігін айтады. Түркістандық тұрғын нотариустен осы мәселенің заңдылығын сұрады. Оған нотариаттық қызмет маманы үйді ағасының атына сыйға беру шарты бойынша өткізе алатынын, мұны өзінің туған бауыры беретіндіктен белгіленген қаржының 50 пайызы төленетіні жөнінде түсіндіріп берді. Ал, бір кездері банкке берешегі болып, есеп шоттары бұғатталған, қазір банкпен толық есеп айырысқаннан соң бұғаттары ашылғанын, дегенмен тағы да несие алу кезінде қандай бір проблеманың алдынан шығып жүргенін айта келген Ақтоты Мадалиева әділет департаменті маманына жүгінді. Шағымданушы туралы деректерді зерделей келе оның бір банктегі есепшотының ашылмай қалып кеткені анықталды. Әділет департаментінің маманы осы жерде сот орындаушысымен байланысып, арызданушының есеп шотын ашып берді. Мәселесі бір сәтте шешілген тұрғын ризашылығын білдіріп қайтты. «Құқықтық көмек» жобасы аясында өткен қабылдауда осы тектес базынасын айтып, кеңес алуға келгендер көп болды. Қабылдаушылар әрбір азаматты мұқият тыңдап, барынша мәселесінің оңды шешімін табуына көмек берді. Жалпы адалдық, заңдылық пен прагматизм әркімнің ішкі құндылық нанымына айналуға тиіс. Қоғам сыбайлас жемқорлықты проблемаларды оңай шешудің кепілі ретінде қабылдамауға, достық қарым-қатынас пен протекционизмді жұмыспен ұштастырмауға тиіс. Жемқорлар қоғамдық айыптауға ұшырауға тиіс. Адамның сыбайлас жемқорлық іс-әрекет жасауды немесе жасамауды таңдауы жазаның ауырлығымен және қылмыс жасаудан күтілетін пайдамен салыстырылмауға тиіс. Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған коммуникациялық шаралар кешенін қабылдау қоғамдық сананың сыбайлас жемқорлыққа қарсы эволюциясында негізгі рөл атқарады. Құқықтық актілерді түсінікті тілде, қысқаша түрде түсіндіре отырып, сондай-ақ цифрлық шешімдерді, оның ішінде белгілі бір өмірлік жағдайлар мен зандық фактілер бойынша автоматтандырылған хабарларды қолдана отырып, азаматтарға олардың құқықтары туралы нақты хабарлауды дамыту қажет. Ауқымды түсіндіру жұмысы азаматтарды мәселелерді шешудің заңсыз тәсілдерін іздеу қажеттілігінен қорғауға мүмкіндік береді. Парасаттылық жүйесін қалыптастыру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастары мен өмірлік қағидаттары бар жас ұрпақты тәрбиелеу аса маңызды рөл атқарады. Тұлғаның қалыптасуының барлық кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды дарыту табыстың іргелі факторы болып табылады. Осы орайда, отбасы институты арқылы, оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуетін пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты дамыту қажет. Білім берудің рөлін арттыру жөніндегі халықаралық практикалар мен бастамаларды имплементтеу, сондай-ақ жастардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін нығайтуға ықпал ететін болады. Парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тақырыптары білім беру жүйесіне қосылатын болады. Баланы мектепке дейінгіден бастап, әртүрлі жас кезеңдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы біліммен сүйемелдеп отыру қажет. Бұл жұмыста әлемнің дамыған елдерінде кең таралған академиялық адалдық пәрменді құралға айналуға тиіс. Сол арқылы сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік иммунитеті мықты азаматтардың жаңа ұрпағы қалыптасатын болады. Мемлекеттік аппараттың парасаттылығын арттыру ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары айқындық, әдептілік және сатылмаушылық болып табылады. Азаматтардың билік органдарына деген сенімін арттыру үшін мемлекеттік қызметтің оң имиджін, оның ішінде адал, лайықты мемлекеттік қызметшілердің өнегелерін кеңінен жазып-көрсету арқылы нығайту мәселелері баса назар аударуды талап етеді. Мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндетті оқытуды оның үздіксіздігін, дәйектілігі мен өзектілігін қамтамасыз ете отырып, дамыту қажет. Мемлекеттік аппараттың «тазалығын» қамтамасыз ету үшін лауазымдық міндеттері сыбайлас жемқорлықтың жоғары тәуекелдерімен ұштасатын қызметшілермен жұмыс жөніндегі шаралар әзірленетін болады. Сатылмаушылықтың тағы бір маңызды элементі мүдделер қақтығысын реттеу. Бұл үшін мүдделер қақтығысын анықтау мен реттеуді жауапкершіліктің пәрменді шараларын, сондай-ақ жұмысқа орналасу алдында және мемлекеттік қызметтен босатылғаннан кейін «аптығын басу» қағидатын қолдана отырып, егжей-тегжейлі түрде регламенттеу қажет. Бұл ретте қызметшілердің өздерін ынталандыру қажет. Бұл тұрғыда әркімнің үлесін дербестендіру қағидаты бойынша еңбекке бәсекелі ақы төлеу мен әлеуметтік пакетті қамтамасыз етудің маңызы зор. Мемлекеттік аппаратта сыбайлас жемқорлық материалдық жағынан тиімсіз болатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты мәдениет қалыптасуға тиіс. Кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау аясында адал бизнесті ынталандыру өзекті болып табылады. Осы бағыттағы пәрменді шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты ерікті түрде имплементтеу болып табылады. Оның құрамдас бөлігі ретінде компаниялар мен олардың персоналының қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөніндегі нақты шараларды қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ішкі бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру практикасын көздеу маңызды. Тағы бір ұсыным контрагенттермен жасалатын шартқа тараптардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жол беруге болмайтынын және олардың уақтылы алдын алуға әзір болуды өзара түсінуіне бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпені енгізу мүмкіндігі болып табылады. Аталған шаралар тиімді болуы үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің құзыретін кеңейту және жоғары оқу орындарында тиісті білім беру бағдарламаларын енгізе отырып, комплаенс-мамандар нарығын дамыту қажет. Жұмыскерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық негіздеріне оқытудың үздіксіз процесін белгілеу керек. Бизнес-ортадағы ашықтық пен жауапкершілікті арттыру, корпоративтік сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында бизнес субъектілері бойынша кәсіпкерлік субъектілері туралы жан-жақты мәліметтерді, оның ішінде олардың парасаттылығы мен сенімділігі тұрғысынан шоғырландыруға мүмкіндік беретін ашық интеграцияланған дерекқорды бизнес-тізілімді кеңінен енгізу қажет. Кәсіпкерлердің осындай дерекқорды пайдалана отырып, әлеуетті контрагенттерді бағалауы, тиісті сақтық қағидатын сақтау адал кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғайтын болады. Сыбайлас жемқорлықтың жоғары тәуекелдеріне шалдыққан қаржылық процестер үшін сыбайлас жемқорлық индикаторларының жүйесі және оларды анықтау алгоритмдері қажет. Ұсынылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдарды қолдану нәтижелері ұсынымдық сипатта болуға және бизнесті жүргізудің белгіленген стандарттары мен қағидаттарына қайшы келмеуге тиіс. Кәсіпкерлік субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсынымдарға сәйкестігі экономикалық және беделдік ынталандырулар арқылы оларды көтермелеу шараларын қолдануға негіз болады.