«МЕНІҢ ӨМІРІМДІ ҚАЙТАЛАМА!» БЕЙНЕРОЛИГІ ТҮСІРІЛДІ

69
0
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Досанов Жандос Есенжанұлы және Шымкент қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма бастығының орынбасары Сакенов Сабыржан Жарылқасынұлының қатысуымен қаладағы есірткі қылмыстарының алдын алу және онымен күресу төңірегінде өткен баспасөз брифингте мәлім болды.
«Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық қылмыстарының алдын алу бағытында қала прокуратурасы білім басқармасымен бірлесіп «Менің өмірімді қайталама» атты бейнероликті түсірілді. Аталған бейнеролик 246 білім беру ұйымдарындағы жалпы 250-мыңға жуық оқушыларға көрсетілді», — деді Шымкент қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма бастығының орынбасары Сабыржан Сакенов. «Дәріханалық нашақорлықтың алдын алу» бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, осы жылдың 24 наурызында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өз үйінде «Трамадол» дәрісін сатып жүрген 46 жастағы әйелді анықтады. Тексеру барысында жалпы 122 ашылмаған «Трамадол» препаратының қорабы мен 3 бөлек пластинкалар алынды. Жинақталған іс-құжаттарды заңды шешім қабылдау мақсатында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жолданып, кінәліге тиісті шара көрілді. Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазқстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімін бекіту туралы» 03.07.2019 жылғы №470 қаулыға өзгеріс енгізді. Жаңадан енгізілген өзгерістерге сәйкес психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне «Трамадол», «Кетанин», «Этизолам» күшті дәрілік заттары енді. Жаңа өзгеріс 2023 жылдың 7 сәуірінен бастап күшіне енді. ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу үшін он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазіргі таңда қадағалау жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.