ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫН РЕЗЕҢКЕ ЖАБЫНДЫЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ

64
0
Шымкент қаласында шиналар және құрамында резеңке бар қалдықтарды кәдеге жаратып, қайта өңдейтін «ЭКО Шина» компаниясы еліміздегі ең ірі зауыттардың бірі. Кәсіпорын 2009 жылдың 1 қазанында тіркелген, негізгі қызметі пайдаланылған шиналарды жинау және өңдеу және резеңке бұйымдарын өндіру.
Өзінің шикізатын пайдалана отырып, «ЭКО Шина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі резеңке еден жабындарын шығарумен айналысады. Резеңке жабыны — заманауи құрылыста өз орнын берік алған және ашық және жабық спорттық және аулалық ойын алаңдары үшін ең қолайлы заманауи, ыңғайлы жабын. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында кәсіпорын 2023 жылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тан көмір брикеттерін өндіруге арналған құрал-жабдықтарды алуға жылына 21,75%-бен қаражат алды, ал оның 14,75%-ын «Даму» қоры субсидиялайды.
Сондай-ақ, «Даму» Қоры кепілзаттың жетіспейтін бөлігіне кепілдік берді, ал қалған 8% кәсіпкер төлейді. Қалдықтарды басқару саласында жұмыс істей отырып, кәсіпорын істен шыққан шиналарды жойып, аймақтың экологиялық қауіпсіздігі мәселесін шешеді, халық тұтынатын тауарлар өндірісінде қайталама шикізатты пайдалану арқылы ресурстарды үнемдеу бағытын дамытады. Айта кету керек, Шымкент қаласында былтырғы жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 41,6%-ды құрады. Бұл көрсеткіш мемлекеттік бағдарламалар аясында ұлғайып отыр, жыл сайын бюджеттен арнайы қаражат бөлінеді. Бизнесті қолдауға бағытталған барлық бағдарламалардың принциптері кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады. Жалпы шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көрсету бойынша тиісті қаржы бөлініп, 2022 жылы 4891 жоба қолдау тапқан болатын. Ал биылғы жылдың басынан бері 2 056 жобаға қолдау көрсетілді. Атап айтқанда: «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» шеңберінде 1 922 жобаға қолдау көрсетілді. «Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шара жоспары шеңберінде 134 жобаға қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлер үшін жергілікті және мемлекеттік бағдарламалар бойынша барлық кеңестер «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисі арқылы көрсетілуде.