АДАМИ КАПИТАЛ — ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУДЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

76
0
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту мәселесіне маңыз беріп, басты бағыт етіп ұсынған болатын. Осыған орай білім беру нысандарын дамыту мақсатында соңғы бес жылда 48 810 орындық 105 мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде, 80%-ы жеке инвестор есебінен салынған.Нәтижесінде, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 3-ке, ыңғайластырылған мектеп саны 17-тен 3-ке азайды.
Ал биыл 18 мектепті пайдалануға беріп, үш ауысымды мектеп мәселесін толығымен шешуді көздеп отырмыз. 134 мыңнан астам оқушы ыстық тамақпен, 54 мыңға жуық оқушы мектеп формасымен қамтылды. «Президенттің бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қалада 2026 жылға дейін 28 мың орынды 18 мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес екі Оқушылар сарайының құрылысы басталып, оның 1-уі биыл пайдалануға беріледі. Одан басқа, 750 орынды 5 өнер мектебінің құрылысы жоспарлануда»- деді, бүгінгі Астанада өткен Орталық Коммуникациялар Қызметі арнайы баспасөз мәслихатында «Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы» жөнінде жасаған баяндамасында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов. Сонымен бірге, денсаулық сақтау саласындағы басты мақсат- тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мен қолжетімділікті арттыру. Бұл да соңғы 5 жылда денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасымен жарақтандыруға 19 млрд.теңге бағытталып, қамту деңгейі 67 пайыздан 79 пайызға артты. Бүгінгі күні саладағы жан басына қаржыландыру жүйесі оң нәтиже беруде. Соңғы 4 жылда 12 жеке емханалар ашылып, мемлекеттік емханалардың жүктемесі 30 пайызға азайды. Өткен жылы қалада жеке инвестор есебінен ашылған ПЭТ/КТ сәулелі терапия орталығы қатерлі ісік ауруын бастапқы сатысын анықтап, алдын ала емдеуге мүмкіндік беруде. Биыл жеке инвесторлар есебінен 3 жаңа емхана ашылды. Сонымен бірге, 2025 жылға дейін жаңа заманауи перзентхана және жеке инвесторлардың есебінен 800 орындық клиниканың құрылысы және 6 медициналық орталық ашуды жоспарланып отыр.