ҚАЛА ӘКІМІ «SEITZHAN SCHOOL» ЗАМАНАУИ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Жаңа оқу қарсаңында қала аумағында бой көтерген жаңа мектептер саны артуда. Соның бірі Шымкент Сити шағын ауданында 2,8 гектар көлемді алып жатқан «Seitzhan school» жекеменшік жалпы орта мектебі. Бүгін Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов 900 орынға арналған жаңа мектептің құрылыс жұмыстарымен танысуға барды. Қазіргі уақытта мектеп құрылысының 95 пайызы аяқталған. 2021 жылы басталған құрылыс жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі.
«Seitzhan school» мектебі жаңа шағын ауданда орын тепкендіктен, мұнда салынып жатқан биік, көп қабатты тұрғын үйлердің көптігіне байланысты оқушы саны басым деуге болады. Дегенмен, жаңа мектептің жанында көршілес 1200 орындық №89 жалпы орта мектебі орналасқан, бұл жерде 2408 оқушы білім алады. Сонымен қатар 1200 орындық №135 орта мектеп те осы шағын ауданда, мұнда 1886 бала білім алады. «Seitzhan school» мектебі балалардың пәндік оқыту сабағынан бөлек, түрлі үйрімелерге баулитын қосымша сабақтар кабинеті, бассейн және кең спорт залымен, асханамен қамтылған. Жаңа заманға сай технологиядық құрылыс материалдары, ерекше дизайнмен салынған мектеп есігі оқушыларға айқара ашық. Айта кету керек, Шымкент қаласына қарасты Тұран шағынауданында Оқушылар сарайының құрылысы басталды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптылармен бірге құрылыс алаңында болып, жұмыс қарқынын қадағалады. Заманауи талапқа сай бой көтеретін ғимаратта оқушылардың сабақтан тыс уақытта әр түрлі үйірмелерде шығармашылық, спорттық, ғылыми, мәдени бағытта дамуына барлық жағдай жасалады. 3 блоктан тұратын 3 қабатты ғимараттың жалпы сыйымдылығы 500 орындық. Жобада 35 орынға арналған асхана, 80 көлікке арналған автотұрағы қарастырылған. Құрылысы мамыр айында басталған ғимарат жоспарға сай келесі жылы қолданысқа беріледі. Құрылыс жұмыстарына әзірге 50 адам 4 техника жұмылдырылып отыр. Осыған дейін мұнда жер қазылып, іргетасының жартысынан астамы құйылған.