КЕШЕГІ ТАРИХ – БҮГІНГІ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ БАСТАУЫ

67
0
Конституция күні қарсаңында жастар Семей ядролық сынақ полигон ардагерлері және елімізге белілі спортшылармен кездесті.
Жастарды тағылы мол әңгіме мен спортқа баулу мақсатында өткен кездесуге Семей ядролық сынақ полигон ардагерлері Абдурашид Тұранқұлов, Бахадыр Махмудов пен Әлем чемпионат жүлдегері Чимкентбай Қуаныш, Азия чемпионатының жеңімпазы Досан Оразбек қатысты. Ардагерлер өз басынан өткен қасіретті күндерін тарқата сөз етсе, спортшылар саладағы жетістіктеріне тоқталды. «Бейбітшілік – бізге оңай жолмен келген жоқ. Қаншама еңбек пен қара термен келді. Өздеріңіздей көзі ашық, көкірегі аяу жастар біздің өткен әрбір жол туралы білу шарт. Сондай-ақ, ел мен жерге қасық қаны қалғанша адал қызмет ету керек» деді ардагер Бахадыр Махмудов. Жастар ардагерлер мен спортшыларға көкейіндегі сұрақтарын қойып, естелелікке суретке түсті. Айта кету керек, Ел Президенті, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жастардың мәселесін тілге тиек еткен болатын. Яғни, жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеті деп атап өтті. «Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Осыған орай, Шымкент қаласында жастарға кәсіпкерлікті дамыту бойынша түрлі кеңестер беріліп, өолдау көрсетіліп келеді. Мәселен, күні кеше ғана, Шымкент қаласының Азаматтық форумында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, жастар көрсеткішін негізге ала отырып, Шымкент қаласын “Жастар қаласы” — деп атады. Сөзінің жаны бар. Өйткені, қаламызда жас кәсіпкерлер саны артып келеді. Мәселен, бизнесін дөңгелетіп отырған “Villaggio” мейрамханасының иегері — Әділет Сәрсенбекті атауға болады. Ол өз кәсібін жыл басында бастаған болатын. Бүгінде 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.