СӘУЛЕ ШАҒЫНАУДАНЫНДА САЯЛЫ САЯБАҚ БОЙ КӨТЕРУДЕ

76
0
Сәуле шағынауданы тұрғындарының үш жыл күткен саябағы жақында қолданысқа беріледі. Елдімекен көркін арттыратын, халыққа жанға жайлы демалыс сыйлайтын саябақ құрылысы жүргізілуде.
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа демалыс алаңының құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазір 2,5 гектарды алып жатқан саябақта көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. 900 шаршы метрге асфальт жабындылары төселіп, 8 мыңнан аса шаршы метрге түрлі өрнектастар орнатылған. Сондай-ақ, жасанды газондар саябақты әдемі реңке көмкеріп тұр. Жоспарға сәйкес демалыс орны жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Шағынауданның инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар да жоспарға сәйкес атқарылуда. Мұнда жаңа нысандар да бой көтере бастады. Қала әкімі жауаптыларға құрылыс жұмыстарын талаптарға, өндірістік кестеге сай атқарып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауда нақты тапсырмалар жүктеді. Айта кету керек, қазіргі таңда Адырбеков көшесінің қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Ғ.Сыздықбеков Алдияров көшесінен Т.Рысқұлов көшесіне дейінгі аралықта атқарылған жұмыстармен танысты. Жоба бойынша көшенің жалпы ұзындығы 3,74 шақырым, ені 23 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Бүгінде жұмыстардың орындалуы 82 пайызды құрайды. Құрылыс барысын қадағалаған Ғ.Әбдімәжитұлы жауаптыларға жұмыстарды сапалы, мерзімінде аяқтау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдама» аясында Шымкент қаласында биылғы жылдың тамыз айынан бастап 15 көппәтерлі тұрғын үйге модернизация жұмыстары басталған болатын.

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Жангельдин көшесі №16 бес қабатты тұрғын үйдің сыртқы күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта бұл тұрғын үйдің шатыры ауыстырылып, жертөле, сыртқы қасбеті жаңарған. Қазіргі уақытта шатыр ауыстыру жұмыстарының 80% дайын. Ал ішкі кіре беріс подъезінің 20% әрлеу жұмыстары жүргізілген. Тозығы жеткен бұл үйдің жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін бітіру жоспарлануда. Сондай-ақ, мұнан бөлек қаладағы дәл осындай күрделі жөндеу жұмыстары Күншығыс шағын ауданындағы №11,14,1 және Спорттық шағын ауданы №10, Дулати көшесі №205, Әл-Фараби көшесі №21, Асқаров көшесі №32, Республика даңғылы №26, 36А тұрғын үйлерінде де қарқынды жұмыс қолға алынған. Бұл үйлердің барлығының шатыры толығымен ауыстырылып, ал Ильяев көшесі №113/5, Әл-Фараби көшесі №21 тұрғын үйлерінің қасбеттері заманауи құрылыс материалдарымен көркемделмек. Сонымен қатар кіреберіс, канализация және су құбырларын қайта жабдықтау көзделген.