БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН АЛУ АШЫҚ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ

77
0
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Ахметов Алдарқұл Райымқұлұлының қатысуымен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетудегі өзгерістер төңірегінде өткен баспасөз брифингте мәлім болды.
Барлық мемлекеттік қызметтер «электронды үкімет» (www.egov.kz, www.elicense.kz) веб-порталы арқылы көрсетіледі.
Қызметке тапсырыс беру үшін алдын ала ЭЦҚ болуы қажет және қажетті құжаттар топтамасымен танысу қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болады:
— көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы;
— ұсынылған объектінің санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. Мемлекеттік қызметтерді көрсетілетін қызметті беруші жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, ал порталда тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) тегін көрсетеді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінен жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтерді алу барысы барынша ашық және қолжетімді.