ШЫМҚАЛА ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІНЕ БЛОК-ТУР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

67
0
Ескі қалашықта “VISIT SHYMKENT” туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен еліміздің Астана, Алматы, Ақтау қалаларынан сонымен қатар көршілес Қырғыстан, Өзбекстан, Россия, Азербайджан, Германия елдерінің блогерлері және БАҚ өкілдерінің қатысуымен блог — тур ұйымдастырылды.
Турдың басты мақсаты Шымкент қаласының тарихын насихаттай отырып, оның беделін арттыру. Осы ретте тарихы терең көне шаһардың өткені мен бүгіні әр бір туристті қызықтырды. 50 жуық ақпарат өкілдері экскурсия барысында қызығушылық танытып, түрлі сайттарда кешен туралы жағымды пікірлер қалдырды. Айта кетсек, Шымқала кешені Жергілікті маңызы бар, тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген болатын. Бұл археологиялық нысан жасалуы мен дизайны жағынан өзінің тұпнұсқасын, бастапқы келбеті мен бекініс жүйесін сақтаған Шым шаһарымыздың орталығынан орын тепкен көне ескі қалашық.
2003-2020 жылдар аралығындағы археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесінде Ескі қалашықты ашық аспан астындағы музейлендіру жұмыстары жүргізілді. 2021 жылы 1-ші мамырда «Шым қала» тарихи –мәдени кешені» деп аталып, келушілерге есігін ашты. Айта кету керек, бұған дейін Шымкент қаласының «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «Белгілі және белгісіз Сайрам» туристік экспедициясы өтті. Тарихшылар, археологтар, тәжірибелі гид-экскурсоводтар мен БАҚ өкілдері қатысқан баспасөз турында бағыт аумағын зерделеу, тарихи оқиғаларды анықтай отырып, өлкетану, ғылыми зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізу қолға алынды. Экспедиция кесенелерден бастау алып, «Қызыр» мұнарасы, «Мәртөбе» төбесінде жалғасқан. Келесі күні қатысушылар Сайрам базарындағы Қарахан дәуіріне тиесілі моншаның бөлшектеріне шолу жасап, көне қақпа мен Шахристанның бекініс қабырғаларын аралады. Сайрамдағы тарихи-өлкетану музейінде орналасқан экспонаттарға шолу жасады. Экспедиция жұмысына магистр-тарихшы, өлкетанушы Миралим Мирхалдаров, археолог Азамат Ергешбаев, кәсіби гид-экскурсоводтар атсалысып, бүгін туристік сапарды арнайы баспасөз мәжілісінде қорытындылады. «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығының басшысы Ерлан Омаров алдағы уақытта жаңа тақырыптық туристік бағыттарды құру жұмыстары атқарылатынын атап өтті. Соның ішінде жаяу жүргіншілердің экскурсиялық маршрутын жасау туралы шешім қабылданған.