«ТІЛ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУ КЕРЕК

85
0
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, Еңбекші ауданы әкімдігінің қызметкерлері Тоғыс тұрғын алабында болды.
Аталмыш топ мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде және кәсіпкерлік нысандарда орналасқан тіл заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерге және олардың сауатты орналасуына, халықа сапалы қызмет көрсету тілі мен сапасына мониторинг жүргізді. Нәтижесінде Тоғыс тұрғын алабындағы 13 кәсіпкерлік нысанға зерделеу кезінде 4 коммерциялық нысанның маңдайшасы заң талаптарына сәйкес еместігі анықталды. Кәсіпкерлік нысан иелеріне заң талаптарының сақталуы жөніндегі парақшалар таратылып, ақпараттық ескерту жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласының шағын аудандарындағы кәсіпкерлік нысандарда Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, үшінші мегаполисте этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптардағы кәсіпкерлік нысандардағы көрнекі ақпарат пен жарнамалардағы мемлекеттік тілдің дұрыс қолданылуына мониторинг жүргізіліп, көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндеріндегі тілдік нормалардың сақталуына бақылау жасалып келеді. Бұл жұмыстарды ұйымдастыруға Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мұрындық болып отыр. Кезекті сондай жұмыстар бойынша аталмыш басқарма қызметкерлері Еңбекші ауданы Қаратөбе тұрғын алабы Қапал батыр көшесіндегі 13 кәсіпкерлік нысанда болды. Нысандардың маңдайшасына жазылған жарнама, жазуларды тексеріп, зерделеген кезде 5 коммерциялық нысаннан Тіл туралы заң талаптарының бұзылғандығы анықталды. Осыған орай кәсіп иелеріне ескерту жасалып, бағыт-бағдар беретін түсіндірме парақшалары таратылды.