«ТҮРІК АҒАЙЫНДАР ДА МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАП ЖАТЫР»

89
0

Қазақстандағы айтулы мерекелердің бірегейі Республика күні келіп жетті. Бұл – өте үлкен қуаныш. Үш жүз жыл өзге елдің отары болып, Жұбан ақын айтқандай «мың өліп мың тірілген» қазақ үшін бұл күн өлгені тіріліп, өшкені жанған күн. Тумысынан ақеділ қазақ халқының түркітектес халықтар ішінде беделі зор. Қазақстан Тәуелсіздік алғанда ең алдымен құттықтап, ақниетін айтқан түрік ағайындар еді. Түркияда менің де бірге тумасақ та туғандай болып кеткен бауырларым жетеді. Олар Республика күнімен құттықтап жатыр. Мені жақсы біледі дейтінім, мен «Дүние жүзі түріктерінің маршын» жаздым. Оған башқұрт компазиторы Нұр Дауытов ән шығарды. Маршты түркі тілдес халықтар жақсы қабылдап, бауырлар арасындағы достыққа қызмет етіп келеді.
«Қол ұстас Самарқан, Түркістан,
Анкара, Астана туысқан.
Бішкегім, Бакуым, Ашхабад
Шығарма достықты уыстан» деп айтқанда қуаттанбаған түркі баласы жоқ.

– Мағжан Жұмабаевтан кейін түрік бауырларын есіне алып жыр жазған Құрал Көмекке алғысымыз шексіз. Мен түрік елі зиялыларының алғысын жеткізейін деп арнайы келдім. Ақын Құрал Көмектің «Мен даланың ұлымын» поэмасын Түркияда таралуына кепілдік беремін. Дүние түріктері көп те емес. Осы себепті біз, бауырлар бірігуіміз керек. Бүгін түркі тектес халықтардың ынтымағы мен бірлігі ғана біздің болашағымызды баянды ете алады,– дейді Ілияс Доган, құқықтанушы, профессор, доктор бауырым.

«Түркі тілдес түгел бол» деген екен Тұрар Рысқұлов ағамыз. Түгел, біртұтас болайық. Қазақ байрағы бейбіт аспан, зеңгір көкте желбірей берсін!

Құрал КӨМЕК, ақын, халықаралық «Физули» атындағы сыйлығының лауреаты