ҚАЛА ӘКІМІ КОЛЛЕКТОР АПАТЫНАН БАСПАНАСЫ ЗАРДАП ШЕККЕН ЗЕЙНЕТКЕРГЕ ҮЙДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

1205
0
Өткен жылдың қараша айында Еңбекші ауданында Қамысты көшесіндегі кәріз құбыры жарылған болатын. Салдарынан Ахмет Мәметов көшесінде орналасқан 4 тұрғын үйдің аумағы мен балабақша ауласы су астында қалды. Апаттан зейнеткер Людмила Панкратованың үйі айтарлықтай зақымданды.
🔷 Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков су басқан аумақтың тұрғындарымен арнайы кездесіп, мәселемен танысқан еді. Осы орайда «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС компаниясының басшылығы баспананы қайта қалпына келтіруді жауапкершілігіне алды. Сонымен қатар, компания жалға алу құнын өтеп, үй тұрғындарын уақытша пәтерге көшірді.
🔷 Бүгін қала басшысы кезекті аралау барысында Людмила Панкратоваға жаңа үйдің кілтін табыс етті. Сондай-ақ Наурыз мерекесімен құттықтап, қарияға зор денсаулық пен амандық тіледі.