ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ

550
0
Инженерлік инфрақұрылымды дамыту, атап айтқанда, халықты сумен, электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ету мәселелері Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің жеке бақылауында.
Қазіргі уақытта қалада «3-Энергоорталық» АҚ қазандығынан жылу энергиясы мен ыстық су алатын 238 үйдің тұрғындары 2015 жылдан бастап жазғы уақытта ыстық суға қол жеткізе алмай отыр.
Мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша осы тұрғын үйлерді жыл бойына ыстық сумен қамтамасыз ету үшін ҚР-3 жергілікті қазандығы мен құбыр байламы жаңғыртылды.
Бұл жұмыстар жуық арада Теріскей, Сайрам, Күншығыс, Отырар және 18- шағынаудандарында тұратын 178 үйдің тұрғындарын ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.