ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ ЖҰМЫСЫ ТАЛДАНДЫ

3837
0

Ел дамуы, экономика өрлеуі үшін жергілікті атқарушы биліктің жұмысы ашық болуы тиіс. Яғни атқарылып жатқан жұмыстарды халықтың біліп отыруы керек. Әлеуметтің пікірі ескерілуі шарт. Бұл тұрғыдан келгенде елімізде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының маңызы айрықша. Бүгінде аталған жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстардың қатары қалың. Бұл ғана емес, қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында да атқарылып жатқан жұмыстар көп. Тиісті органдар тарапынан қажет шаралардың баршасы қолға алынып жатыр. Жергілікті әкімдіктердің басқармалары мен бөлімдеріне ішкі талдау жұмыстары да жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты бөлімдерде жүргізілген болатын. Бүгінгі материалымызда осы тақырып турасында тарқата баяндамақпыз.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сапаны, толықтықты және бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге бағытталған қосалқы құрал саналады. Сондықтан да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығы негізінде, Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау 2024 жылдың мамырына дейінгі мерзімді қамтыды. Ішкі талдау жүргізетін жұмыс тобының құрамына бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы Ш.Амирова, бөлімнің бас маман заңгері Ж.Әсілбекова, Жұмыспен қамту және жекеленген санаттағы азаматтарға қолдау көрсету сектор меңгерушісі А.Атымтай кірді. Талдаулар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы бекіткен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.

Ішкі талдау жұмыстары жүргізілген бағыттардың қатарына бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау кірді. Ал талдау қорытындыларына келсек, бөлім Түркістан қаласы әкімдігінің қаулысы ретінде бекітілген бөлім ережесіне сәйкес жұмыс жүргізіп келе жатыр. Қазіргі уақытта Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік қызметтің тізіліміне сәйкес, 15 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оны ішінара тарқатсақ, әлеуметтік көмек көрсету секторында 2 қызмет, жұмыспен қамту және жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету секторында 9 қызмет, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету секторында 3 қызмет, еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтару бойынша 1 қызмет бар. Мекеме жыл басынан бері қаншама тұрғынның өзекті мәселесінің шешілуіне атсалысып келеді. Тарқата баяндасақ, ағымдағы жылы 13359 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген. Оның ішінде әлеумет 6708 қызметті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 6632 қызметті электронды үкімет порталы арқылы, 19 қызметті тікелей бөлім арқылы алған.

Мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, құқықбұзушылыққа қарсы құқықтық сауатты арттыру жұмыстарына айрықша басымдық беріліп келе жатыр. Мәселен, мекемеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша құқықтық оқыту кестесі бекітілген. Осыған сәйкес, барлығы 5 рет оқыту семинары өткізілген. Тоқсан сайын ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына жоғарыда аталған тақырып негізінде материалдары ұдайы жарияланып келе жатыр. Бұл ғана емес, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі атқарылған жұмыстар, қолға алынған бастамалар, жүзеге асар жоспарлар турасында әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларға ақпараттар жариялап келеді. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Республика бойынша «Әлеуметтік қызметтер порталы» іске қосылған болатын. Порталда мүгедектігі бар адамдар техникалық көмекші құралдармен және арнайы қызметтермен қамтамасыз етіледі. Электронды қызметтерді алу үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы жұмыс істейді. «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышында мүгедектігі бар адамдардар және олардың сенімді өкілдері әлеуметтік қызмет көрсету порталына және электронды үкімет wwwegov.kz порталына қол жеткізе алады.

Сонымен қатар бөлімде азаматтарға қабылдау жүргізілетінін де айта кеткеніміз жөн. Жыл басынан бері дәл осындай қабылдауға келген 32 азаматқа заң талаптары түсіндірілген. Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, ғимараттың  көрнекі жерлеріне мемлекеттік қызметтердің стандарттары орналастырылған. Жеке азаматтардың арыз, шағымдарын қабылдау бойынша  сенім жәшігі, сенім телефоны орнатылып, азаматтарды және заңды тұлғаларды жеке қабылдау кестесі ақпараттық құралдарында жарияланған. Талдау нәтижесі бойынша, қызметкерлердің орындаушылық тәртібін күшейту мақсатында жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн (жазбаша, ауызша, жеке қабылдаудағы, электрондық түрдегі) объективтi, жан-жақты мәліметтердің анықтылығына, толықтығына және уақытылы ұсынылуына, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарауды және автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орындалуын қамтамасыз ету жауапкершілігін жүктеу туралы бөлімнің  бұйрығы қабылданып, таныстырылды. Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері мен келісімшарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлер мен олардың ерлі-зайыптыларының кірістер  мен мүліктер туралы декларацияны уақытылы тапсыру туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, бақылау жүзеге асырылуда. 2023 жылдың қорытындысымен барлық мемлекеттік қызметшілер белгіленген мерзімде декларация тапсырған.

Қорыта келгенде, Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі барша талаптарға сәйкес жұмыс атқарып келеді. Бөлімде қызмет ететін қызметкерлер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл турал» заңының талаптары мен баптарын жіті біледі. Өз қызметтерін қалтқысыз атқарып келе жатыр десек, артық айтқанымыз емес. Талдау қорытындылары бойынша ауқымды заңбұзушылықтар мен өрескел қателер табылмаған. Осының өзі мекеме қызметінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айғақтаса керек.

Айта кетейік, мемлекет басшысы күні бүгінге дейін елімізде орын алып жатқан жемқорлық фактілерінің елдің дамуын тежейтінін тілге тиек етіп, қажет тапсырмаларды беріп келе жатыр. Мәселен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Баршаңызға мәлім, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу – біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек.  Біз соңғы жылдары осы салада бірқатар маңызды қадам жасадық. Еліміздің құқықтық жүйесі үшін мүлде жаңа институттар бар. Мемлекеттік қызметшілердің жылжымайтын мүлік, автокөлік және басқа да қымбат дүниелер сатып алуы қатаң бақылауға алынады. Сонымен қатар, шенеуніктердің адалдығын тексеруге арналған «Integrity check» әдісін атап өтуге болады. Әрине, бұл ұсынысты әлі де жан-жақты пысықтау қажет. Дегенмен, халықаралық тәжірибеде мұндай тексерістер жақсы нәтиже көрсетуде. Басқа да бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыруымыз керек. Сондықтан, бүгін маған таныстырылған тұжырымдаманың жобасын бекітемін. Алайда, жұмыстың тиімділігін нақты нәтиже бойынша бағалайтын боламын.  Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру. Жемқорлықты жою үшін оған бүкіл ел  болып  қарсы тұруымыз керек. Оған қоса заңнамалық шаралар қабылдауға тиіспіз.  Сонымен бірге, жемқорлыққа қатысты  қылмыстарды анықтау және ашу жөніндегі  жұмыстарды  күшейту қажет. Сонда ғана жемқорлықпен табанды түрде күресе аламыз» деген болатын. Сәйкесінше, қазіргі уақытта мемлекет басшысының тапсырмасы аясында елімізде ауқымды бастамалар көтеріліп, сәтті жүзеге асып келе жатыр. Мұндай жұмыстардан Түркістан қаласы да шет қалған емес. Қалада жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мен оның алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жоспарға сәйкес жүзеге асып келе жатыр.