WHATSAPP ХАБАРЛАМАЛАРДЫ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ АУДАРУДЫ ЕНГІЗЕДІ

1759
0

WhatsApp барлық чаттағы хабарламаларды аудару мүмкіндігімен жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта функция Android операциялық жүйесі бар құрылғылар үшін тексеріліп жатыр. Бұл туралы WABetaInfo профильдік сайтында хабарланған. 

Пайдаланушылар қабылданған хабарламаларды 6 тілге, соның ішінде орыс, ағылшын, араб, испан, португал және хинди тілдеріне аудара алады.

– Пайдаланушылар таңдалған хабарламаны аудара алады. Бұл процес жедел түрде түрде жүзеге асырылады. Тіл таңдалған соң WhatsApp пайдаланушыға аудармаға қажетті тіл бумасын жүктеп алуды ұсынады. Аударма жасалғаннан кейін хабарламаның сәтті аударылғанын көрсететін жаңа белгі пайда болады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, құпиялылық мақсатында шифрлау үздіксіз жүргізіледі және ешбір ақпарат құрылғыдан тыс тасымалданбайды. Қазіргі кезде хабарларды басқа тілге автоматты түрде аудару мүмкіндігі әзірленіп жатыр. Бұл WhatsApp-тағы аударма процесін жақсартуға бағытталған.