Сайлау әділ де, таза өтсін десек…

392
0

Құрметті Ержан мырза!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауын тиянақты іске асыру үшін төмендегі мәселелерді талқылап, ретке келтіру әрбір Қазақстан азаматының міндеті мен парызы.
«Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды» делінген Қазақстан Республикасының сайлау туралы Конституциялық заңының II тарау, 10-бабында және осы бапта «Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы» екендігі анық жазылған. Осы бапта «Сайлау комиссиясын құратын органдар, сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі ішінде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы».
Және де, 19-баптың 6-шы тармағы, Сайлау комисиясының мүшесі Сайлау комисиясының белгіленген өкілеттік мерзімі аяқталғанда, оның қызметі тоқтаған кезде, сондай-ақ дей келе,
5-ші бөлімінде: оны іс-әрекетке қабілетсіз, іс-әрекетке қабілеті шектеулі,…
6-шы бөлімінде қайтыс болған жағдайларда сайлау комиссиясын құрған органның шешімі бойынша өз міндеттерін атқарудан босатылады деп анық айтылған. Зейнеткерлердің іс-әрекетке қабілеті шектеулі екені бәрімізге белгілі. Президент жолдауында: «Біздің мақсатымыз – мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс.
… Мен жергілікті басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіттім. Ол ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді. Бізге қоғамдық бақылауды, жергілікті жерлердегі ахуалға азаматтардың ықпалын күшейту керек. Сондықтан мен мәслихат арқылы ауыл әкімдерінің сайланбалылығын енгізу туралы шешім қабылдадым»
Сайлауды біз 2013 жылдың өзінен-ақ бастаймыз» делінген.
Осы уақытқа дейінгі сайлау қалай өтіп келе жатқаны бүкіл халыққа белгілі. Азаматтық қоғамды екіге бөліп қарауға болады. Бірінші жағы – билік және оны қолдайтын, мемлекеттін жалақы алып келе жатқан бюджеттік мекеме қызметкерлері. Екінші жағы – өзін-өзі қамтамасыз етіп келе жатқан қарапайым халық.
Екінші жақ сайлауға мүлдем қатыспайды десе де болады. Қатысқанымен өзгерістің болмайтынына көздері жеткен сияқты. Осыған байланысты барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын қайта қарап шығу керек.
Сайлау комиссияларында 2 саяси партияның бірде-бір мүшесі жоқ. Негізінен комиссия мүшелері мектеп директорлары мен мұғалімдерден жасақталған, қалғаны бюджеттік мекеме қызметкерлері. Жалақы алмай бос жүрген азаматтарды ендірген жөн болар еді. Тек бір ғана облыстық аумақтық комиссия құрамына зер салып қарасаңыз, Торғауытов Берік егемендік алғаннан бері комиссия төрағасы болып келеді. Ол азаматтың келеңсіз тірліктері ақпарат құралдарында айдан анық етіп бірнеше рет жазылды. Бірақ зейнеткерлікке жасы келсе де, комиссия төрағасынан айырылмайды. Негізгі қызметін ауыстырса да, қоғамдық қызметін бергісі келмейді. Билікке кейбір мәслихат депутаттарына халықтың талап-тілегі керек емес. Беріктің «амандығы» керек сияқты. Және комиссия орынбасары, екі мүшесі – зейнеткер.

Осындай жағдайларды талдап, талқылап, барлық саяси партия өкілдерінің комиссияларда болуына мүмкіндік жасасақ, сонда ғана Президент жолдауының тез орындалуына жағдай жасаған болар едік. Тағы да Президент өз жолдауында «Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстауға тиіс»деген.Біз де осы қағиданы ұстанайық!

ОҚО барлық саяси партия филиал басшылары мен ұйым төрағалары қол қойған.