СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ТУРАСЫНДА КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

7
0

Қоғам үшін сыбайлас жемқорлықтың зардабы ауыр. Өйткені мемлекеттен бөлінген қаржы тиісті орнына жетпесе, одан қоғамның көрер зияны орасан. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары елімізде қарқынды түрде жүзеге асып келе жатыр. Елімізде аталған саладағы құқықбұзушылықтарды реттейтін арнайы заң жобасы бар. Осының негізінде жүзеге асып жатқан жұмыстардың қатары қалың. Оның ішінде Түркістан қаласында жүзеге асып жатқан жұмыстарды айрықша айта кетуге болады. Соңғы уақытта қаладағы білім ордалары мен орта арнаулы оқу орындарында аталған тақырыпты арқа еткен кездесулер мен жиындар белсенді жүргізіліп келе жатыр. Бұл ғана емес, әдеп жөніндегі уәкілдің бастамасымен бірқатар маңызды басқосулар да ұйымдастырылды. Бұл туралы бұған дейін хабарлаған едік. Енді жуырда тағы бір маңызды жиын өтті.

Жалпы мемлекеттік қызметте істейтін әрбір азамат өз ісіне асқан жауапкершілікпен жандасып, бұқараның мәселесін шешуге бар ынта-жігерін жұмсауы керек. Осы орайда, 30 қыркүйек 2024 жылы Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінде өткен кеңеске ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өкілдері, Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының жеке құрам инспекторы, Полиция департаментінің Жол патрульдік полкі инспекторлары және Түркістан қаласының орталық мешітінің бас имамы қатысты. Тұңғышбаев Ерұлан Икрамұлының баяндамасында қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістеріне қатысушылардың назарын аударды.  Атап айтқанда ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынды. Бұл өзгерістің ерекшілігі, біріншідер – мұндай қылмыстарды әлеуметтік осал азаматтардың жекелеген санаттарының жасалуы, екінші өзгерісі – ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық шарттарын орындаған сотталғандарға қатысты. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандарды бірден қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне жіберу мүмкіндігін тоқтату. Бұл арқылы жемқорлардың артықшылықтары жойылды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар үшін сыбайлас жемқорлық үшін жаза күшейтілгенін жеткізді. Ал, Мемлекеттік қызмет саласындағы Бақылау басқармасының маманы Нурбол Базарбек заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға түсіндірме беріп өтті. Яғни, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер және  Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау, тәртіптік практика мәселелері, мемлекеттік органдардың қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесінің жұмысын жетілдіру, үстеме жұмыс істеу мен мемлекеттік қызмет өткеру бағытындағы өзгерістер туралы баяндады. Сондай-ақ, » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл туралы» Заңның 12-ші бабының 1-ші тармағы ойын мекемелерінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау жөніндегі 6) тармақшамен толықтырылғанын атап, құмар ойын мекемелеріне бару тәртіптік жауаптылықты көздейтін болса, құмар ойынына қатысу, бәс тігу қызметтен босатуға алып келетінін түсіндірді. Бұл ретте, Түркістан қаласының имамы Талғат Сейдалиев еліміздің дәстүрлі діні туралы айтып, деструктивті діни жат ағымдардың  жолына туспеу туралы түсіндіріп өтті. Жол патрульдік полк инспекторлары жол қозғалысы ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып өтті. Өз кезегінде жылдамдықты шамадан асыру, жол ережелерін бұзу сияқты бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалардың қатаңдатылғанын ескертті. Төтенше жағдайлар департаменті Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының жеке құрам бойынша инспекторы Ғалымжан Әлжанов азаматтық қорғау саласында атқарып жатқан қызметкерлердің тәртіп мәселелеріне тоқталып, заңдылықтың сақталуын, қандайда бір құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы айтты. Жиын барысында қатысушылар сұрақтар қойып жауаптар алды. Кеңес қорытындысы бойынша Департамент басшысы Нуржан Искаков осы жиынның негізгі мақсаты ол сыбайлас жемқорлық  алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасамау үшін тәуекелдерді болдырмау қажеттігін, сондай-ақ әдеп нормаларын, еңбек және жол жүру ережелерін тиісінше сақтау, ол бойынша қажетті шаралар атқарылып жатқанын, сонымен бірге қоғамда және ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бойынша жұмыстар жалғаса беретінін атап өтті. Айта кету керек, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өз құқығын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып отыр. Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық емес. Бұл мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді төмендетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Сондықтан мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп, әрекет етуі керек.