ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАҒА ТАРТУ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Түрістан қаласындағы  жалпы білім беретін мектеп оқушылар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастары арасында Мемлекеттік бағдарламалар, атап айтқанда «Жастар практикасы», «Серпін-2050», «2,5%- жеңілдетілген несие», «Алғашқы жұмыс орны», «Жасыл ел», «ZHAS PROJEKT»  гранттық қаржыландыру және жеңілдікті кредиттеу мәселелері бойынша 85 кездесу өткізіліп, 15 700 адам қатысты.

Түркістанда «Бақытты шаңырақ – кемел болашақ» тақырыбында республикалық форум өтті. Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған форумға құқық қорғау органдарының басшылары, ҚР Парламенті мен ҚР ІІМ, жергілікті атқарушы орган, полиция, прокуратура, өкілдері, ата-аналар, отбасы құндылығын дәріптеп жүрген ел ағалары мен аналары қатысты. Форум отбасы құндылығын насихаттайтын өте әсерлі қойылыммен басталды. Бала тәрбиесін шет қалдырып, перзенттерін мұңайтқан ата-аналардың жай-күйі көрсетілген қойылым жұртшылыққа ой салды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен бала құқығын қорғау аса маңызды міндет екенін жеткізді.

Түркістан қаласы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ-сі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары мен Түркістандық еріктілер еңбек адамдарына ыстық шай мен тәттілерін таратып, алғыстарын жеткізді.

Бұдан өзге,  Түркістан қаласы Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Домбыра party» өтті.

«Домбыра party» іс-шарасының мақсаты қазақтың ұлттық аспабы домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және жалпы қазақшылықты насихаттау.

6-7 ақпан күндері Халықтық кеңседе «Ашық есік» күндері жалғасуда. «Ашық есік» күндері акциясы барысында 30-дан аса жас қабылдауға келіп жұмысқа орналасу тәртібі мен мемлекеттік бағдарламалар жөнінде кеңес алды.

21 ақпан күні қаладағы білім ошақтарының оқушылары және орта арнаулы оқу орындарының студенттерін кәсіпорынның жұмыс барысымен таныстыру, жастарды индустрия саласына тарту мақсатында «Индустриялды аймаққа» экскурсияға апарды. Жастар «TURAN» жиһаз цехы, «Turkistan Textile» тігін цехы және басқа да кәсіпорындардың жұмыс барысымен, қызметкерлерінің міндеттерімен танысты.

26 ақпан күні Түркістан қаласы Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Ұлы дала елі кешенінде «Қоғамның ізгілігі — адалдық пен бірлікте» атты форум өтті. Форумға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары М.Қырықбаев, Журналисттер одағының мүшесі, композитор, Б.Сердәлі, Түркістан қаласының бас имамы Мухамеджан Джумадуллаев, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психология бөлімінің басшысы Г.Қыпшақбаева қатысты. Іс-шараның мақсаты болашағымыз жастарға тәрбиелі болып қалыптасудың маңызы, тәрбиелі жастардың еліміздің өркендеуіне тигізер әсері жайлы мен бала тәрбиесінің адамзаттың ортақ ісі екенін жеткізу.

Ал отандық көркем кинотуындылар арқылы жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау мен оларды отаншылдық пен елдік сезімінде тәрбиелеу мақсатында «Қазақфильм» киностудиясының озық туындыларының біріне айналған «Қазақ хандығы, Алтын тақ» фильмі көрсетілді.

Түркістан қаласы әкімі Н.Ә.Тұрашбековтың бекітілген жоспарына сәйкес, қалада өтетін Наурыз мерекесіне арналған 10 күндік іс-шарасына аясында  Түркістан қаласы Көпсалалы индустриялды техникалық колледжінде – «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай «Ана — тіршіліктің тірегі» атты мерекелік шарасы 4-13 наурыз күндері кезекті кино көрсетілімін Еділбаев атындағы жалпы орта мектебінде және Көпсалалы индустриялды техникалық колледжде өткізді, көрсетілімде жастар «Жау жүрек мың бала» фильмін тамашалады.

14 наурыз күндері Барша мұсылман қауымы асыға күткен рамазан айында ұжымның атсалысуымен сауапты іс жасау мақсатымен адамдарға сумен құрма ұсынды. Этноауыл кешенінде Ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарды көрмесі өтті, іс-шараға 70-ке жуық жас қолөнершілер өз бұйымдарын әкеліп, орта арнаулы оқу орындарының студенттері қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынды.

Наурызнаманың төртінші күні — Шаңырақ күні. Жалпы шаңырақ қастерлі ұғым, жастарды тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу құралы. Атауылы күнде қаламыздағы Неке сарайында біршама жұп шаңырақ көтеріп некеге тұрды. Олардың ішінде өзге ұлт өкілдері де бар.

Сондай ақ, «Нұр жауғызған Әз Наурыз» мерекелік іс шаралардың жалғасы іспетті «Күміс кереге-25», «Алтын шаңырақ-50» атты іс-шара өткізудегі мақсат жастарды отбасын қастерлеу арқылы Отанын қастерлеуге, отбасына қамқор бола отырып отанын қорғауға,  жастарды адалдық пен еңбексүйгіштікке баулу шаралары өткізілді.

«Нұр жауғызған Әз Наурыз» мерекелік іс шара аясында «Жаңару күніне» орай, 1000 көшет қала жастарының қатысуымен өткізілді.

тырып, Түркістан қаласы Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжіінде Түркістан қалалық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен «Қызды қырық үйден тыю» тақырыбында үлкен форум өтті.

Есте болса, Түркістан қаласында су апатынан зардап шеккен Қазақстандықтарға арнайы штаб ашылып, ерікті жастардың көмегімен арнайы қажетті заттарды жинақтап, штабқа жинау жұмыстары жүргізілді.

Түркістанда жастар арасында түрлі іс шараны өткізу қолға алынған.  Заңсыз ойын бизнесі мен лудомания көлеңкелі экономиканың мызғымас бөлшегі. Осы қоғам дерті көптеген жастарды жеңіл ақшаға құнықтырып соңында орға жығуда. Түркістан қаласы Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і лудоманияның алдын алу мақсатында Халықаралық қазақ-түрік университетінің кіші залында «Лудомания орға жығады» атты тақырыпта іс-шара өткізді.

Түркістанда салт дәстүрді жастарға дәріптеу шарасы да назардан тыс қалмаған. Мәселен,  «Қызды қырық үйден тыю» атты тақырыпта форум өтті. Қоғамдағы өзекті тақырыптың маңыздылығын ескере отырып, сәуір айның 5-і күні Түркістан қаласы Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжіінде Түркістан қалалық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен «Қызды қырық үйден тыю» тақырыбында үлкен форум өтті. Форумға 14-17 жастағы жасөспірім қыздар қатысты. Және форумның өзектілігіне байланысты Ішкі істер басқармасы қызметкерлері, Түркістан облысы Балалар қорғау уәкілеті, облыстық мәслихат депутаты Динара Егембердиева, “Қазақстан Қызыл Айы” Түркістан облыстық филиалының басшысы Малика Жүсіпова, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» МҚК-ның эпидемиолог дәрігері Азиза Эртаева қатысты.

    “Фараб” әмбебап кітапханасында  Тәуелсіз ел тарихында бокстан тұңғыш Сидней Олимпиадасының жеңімпазы атанған қазақтың бір туар азаматы Бекзат Саттархановтың дүние есігін ашқан күніне орай қала жастарына үлгі тұта отырып, салауатты өмір салтын ұстануға, елінің абыройын асқақтатар азамат ретінде ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында “Бекзат” фильмі көрсетілді. Қаламыздағы есепте тұрған 144 лидер жастары да қатысты.

Қала мәдениетiн қалыптастыру жолында кешендi шаралар да жүзеге асырылуда. Қаланың тазалығы – ол тұрғындардың рухани тазалығына байланысты Бұл – еліміз  қалаларының  бәріне  ортақ  тақырып .

Ағымдағы жылдың 9 сәуір күні ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” ұйымдастыруымен пробация жастары және мекеме қызметкерлері қатысуымен “Қожа Ахмет Ясауи“ музейінде арнайы экскурсия жүріп өтті. Бүгінгі іс-шараның мақсаты жастарды рухани тәрбиелеу, бұрынғы заманның мәдениетін көрсету және пробациялық жастарды мәдениеттілікке тәрбиелеу .

Осыған орай, аталған тазалыққа жыл басынан бері әр сенбі күндері ерікті жастардың қатысуымен «Қала тазалығы-басты міндет» атты ұранмен 12 сенбілік жұмыстары жүргізіліп, 162 адам қатысты.

Суға шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша көпшілік көп шоғырланған орындарда үнпарақтар тұрақты түрде жаз мезгілінде таратылды.

Сонымен қатар, жастар орталығының ұйымдастыруымен полиция басқармасымен бірлесе отырып кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Ашық есік күні өтті.

Түркістанда Халықаралық отбасы күніне орай, жастар арасында отбасы құндылықтарын арттыру мақсатында «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында және АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша семинар-тренинг  ұйымдастырылды.

Ал Рәміздер күніне орай, танымдық кездесулер, саппен жүріп әнұран айту, жалаушаны терезеге ілу т.б шаралар өткізілді.

Балалардың жазғы маусымдағы демалысы кезеңінде балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында тұрақты түрде кешкі караоке кешетері, кино көрсетілімдер ұйымдастырылды.

Бұдан өзге, Жастар арасында зиянды әдеттер мен әрекеттердің алдын алу бойынша облыс  психологтарының арасында көшпелі отырыс өтті.

Сонымен қатар, қазақ халқының ата бабадан келе жатқан игі салтының бірі-қарттарға құрмет көрсету. Осы орайда мүмкінді шектеулі жандардың отбасына және де көп балалы аналарға, жалғыз басты қарттарға көмектер ұдайы көрсетілді.

Әлемде шахмат-ақыл ойды дамытатын спорт болып табылады. 7 тамыз күні жастар арасында сайыс өтті.

Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында жастар күні мерекесіне орай, «Жастармен бірге» ұлттық онкүндігін өткізу мақсатында жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша «Қуаныш» сауда орталығында бос жұмыс орында жәрмеңкесі өтті.

«Біргеміз: Асыл мұра» жобасы аясында «Гаухар ана» кесенесіне күні сырлау және тазалық жұмыстары жүргізілді.

Шахар басшысы жастармен кездесу өткізді. 30 тамыз Конституция  аясында көпсалалы амфитеатр ғимаратының ашылу салтанаты өтті.

6 -14 -27 қыркүйек күндері «Би падишасы» Ұлжан Әбенқызымен кездесу «Мен көмек беремін» атты квест ойыны және Ұлы даланың ұлттық ойындары тақырыбы аясында этноквест өткізілді.

Қала күні мерекесіне орай,  «Амфитеатр» ғимаратында еркін форматта караоке кеші өткізілді.  «Шаңырақ жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» ҚБ қолдауымен жас отбасылар арасында видеоролик сайысы және сурет салу байқауы сонымен қатар «Әкем, анам және біз»    атты спорттық сайыс өткізілді.