Тағы да апат
Ұшақ құлаудан алдымызға жан салар емеспіз. Күні кеше Шымкентте құлаған ұшақтың соңын ала Алматы облысында тағы да апат орын алды. Бұл не сонда? Жауапсыздық па, әлде адамдардың тағдырына деген немқұрайлық па?
«SCAT» авиокомпаниясына қарасты «Көкшетау-Алматы» бағытына қаңтардың 29-ы күні ұшып шыққан «Бомбардир Челленджер-200» ұшағы 13 сағат 13 минут өткенде Алматы облысының, Қызыл ту ауылының аймағына құлаған. Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары мен Алматы облысының әкімі А.Есімов шұғыл жетті. Ұшақта 5 экипаж мүшесі мен 15 жолаушы болған. Алдын-ала алынған мәліметке қарағанда, онда бір сәбиде бары анықталды.Тағы бір дерек, жолаушылар кәсіпкерлер болса керек. Ұшақтағылардың барлығы да мерт болған. Оқиға орын алған тұста сол кезде төңіректі тұман басып, көріну қашықтығы нашар болғанға ұқсайды. Қазіргі кезде апаттың салдарын тексеретін комиссия құрылып, бұл жөнінде қылмыстық іс қозғалды.