«ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ 16 КҮНІ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ФЛЕШМОБ ӨТКІЗІЛДІ

Жыл сайын 25 қарашада «Гендерлік зорлық — зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» атты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес науқаны басталып, 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Аталған науқанды 1991 жылы бірінші жаһандық әйелдер көшбасшылығы институтының белсенділері құрған болатын.

Әлемдегі барлық ұйымдар бұл акцияны әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жоюға шақыру мақсатында тиімді пайдаланады. Қазақстанда әйелдер мен қыздардың гендерлік теңдігін қамтамасыз ету және олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі халықаралық және ұлттық серіктестермен тығыз ынтымақтастық іс-әрекеттер жүргізуде.

Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «25 қараша – 16 желтоқсан Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы шеңберінде маңызды іс-шаралар өткізілуде.

Акция аясында жастар арасында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту және зорлық-зомбылыққа қарсы қабылданып жатқан шараларды насихаттау мақсатында “Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” тақырыбында мектеп оқушыларымен флешмоб ұйымдастырылды.

Бұл іс-шара жас ұрпақтың құқықтық және моральдық тәрбиесін нығайтуға, сондай-ақ қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыруға бағытталған.

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» халықаралық науқаны – бұл гендерлік зорлық-зомбылық мәселесіне назар аударуға және әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған жыл сайынғы жаһандық бастама. Науқан 1991 жылы әйелдердің жаһандық көшбасшылық орталығының қолдауымен басталды. Науқанның мақсаттары: гендерлік зорлық-зомбылықтың ауқымы мен салдары туралы қоғамның хабардарлығын арттыру, гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қолдау және олардың құқықтарын қорғау, қауымдастықтарды, мемлекеттік құрылымдарды және халықаралық ұйымдарды осы құбылыспен күресуге тарту. Онкүндік кезеңінде мәселе туралы хабардарлықты арттыруға және әртүрлі жыныстағы адамдар арасында құрмет қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған тақырыптық іс-шаралар өткізілді. Жастарға гендерлік зорлық-зомбылықты қалай тануға және алдын алуға болатындығы, гендерлік зорлық-зомбылық ұғымы, оның формалары, себептері мен салдары, гендерлік зорлық-зомбылық туралы сөйлесудің маңыздылығы және көмек сұрауға болатын жерлер талқыланды. Мұндай сабақтар білім алушыларда бір-біріне құрметпен қарауды және жеке шекараларды сақтаудың маңыздылығын түсінуді қалыптастырады.

2022 жылдан бастап «БҰҰ әйелдер» ұйымымен бірлесіп Қазақстанда гранттарды жүзеге асыру жұмыстары басталды. БҰҰДБ – мен бірлесе отырып әйелдердің құқықтарын құрметтейтін және сақтайтын ұйымдар мен жұмыс орындарында гендерлік сертификаттау бағдарламасы басталды. Агрессорлармен психологиялық жұмыс жүргізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бірінші кезекте ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мамандардың біліктілігін арттыруға ерекше назар аударды. Нәтижесінде дағдарыс орталықтарының 70 қызметкері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының 280 инспекторы, сондай-ақ 5 өңірдің аудандық инспекторлары агрессорлармен жұмыс жүргізу бойынша оқыту курстарынан өтті. «Гендерлік зорлық — зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» халықаралық науқаны аясында Қазақстанда 100-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланған.