ШЫМКЕНТТЕ 30 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23
0

Биыл қалада жұмыспен қамту шаралары жоғары деңгейде жүзеге асырылды. Жоспар бойынша 30 207 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделсе, 11 айда нақты 28 813 адам қатысып, жоспар 94,4%-ға орындалды.

Қысқа мерзімді кәсіптік білім беру бойынша 3 732 адамды оқыту жоспарланған болатын. Нәтижесінде, 3 376 адам оқуға жолданды, бұл 90,5%-ды құрайды. Олардың ішінде 92 адам кәсіби біліктілікті тану (ваучер оқуы) бағдарламасына,157 адам жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіптік оқытуға, 513 адам тұрғын білім беру ұйымдарында кәсіптік оқыту бағдарламасына қатысса, 2 706 тұрғын http://xn--nbek-u4d.kz/ порталы арқылы онлайн-оқыту бағдарламасын таңдаған.

Кәсіпкерлікті дамыту бағытында 4 176 адамға кәсіпкерлік қолдау көрсету жоспарланған болатын. Нақты 3 777 адамға қолдау көрсетілді (90,4%). Олардың арасында 3 349 адам «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға тартылса, 428 қала тұрғынына қайтарымсыз грант берілді.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 7 019 адам (94,2%) тартылды. Олардың ішінде 170 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, 2 311 жас маман «жастар практикасы» бағдарламасына, 2 453 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыстарға, 1 274 адам «Алғашқы жұмыс орындарының жобасына», 20 жас маман «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына, 791 адам «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасты.

Жалпы 14 846 адамды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру жоспарланған болатын. Нәтижесінде 14 641 адам тұрақты жұмысқа орналасып, жоспар 98,6%-ға орындалды. 12 ай қорытындысымен жұмыспен қамту шаралары бойынша барлық көрсеткіштер 100 пайыз орындалады.