АСТАНАДА АШЫЛАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ОРТАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ
Digital Almaty форумы аясында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Alem.AI орталығының жұмысы туралы айтып берді.
— Биыл Халықаралық жасанды интеллект орталығы Астанадағы Expo базасында ашылады. Біз Astana Hub-тың сәтті тәжірибесін қайталап, адамдардың барлық санаты үшін оқытудың мүмкіндігін жасаймыз. Алдағы 5 жылда біз 1 миллионға жуық адамды оқытуды жоспарлап отырмыз. Одан бөлек жасанды интеллект стартаптарына арналған кампус, сондай-ақ ірі халықаралық компаниялар орналасатын орталық болады. Қазіргі уақытта шетелдік компаниялармен алдын ала келісім бар. Олар мұнда өз кеңселері мен зертханаларына ашады, — деді ол.
Сонымен қатар ведомство басшысының айтуынша, Alem.AI орталығында билік және бизнес өкілдерінен, ғалымдардан топ құрылмақ. Олар ЖИ-ді экономиканың барлық салаларына ендіру жұмысын жүргізеді. Ал орталықтың өзінде лекция залдары, жасанды интеллект музейі, студенттер мен оқушыларға арналған қоғамдық кеңістік болады.