ШЫМКЕНТТЕ 230-ШЫ БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

16
0
Қалалық №1 клиникалық аурухана базасында 230-шы бүйрек трансплантациясы өтті. 1969 жылғы азамат донор болып, 23 жастағы баласына бүйрегін берді. Операция сәтті өтіп, екі пациент те жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.
Бүйрегі алмастырылған рецепиент 1,5 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Алдағы уақытта жас жігіт қалыпты өміріне қайта оралады дейді дәрігерлер.
Айта кетейік, бүгінге дейін Шымкентте 230 бүйрек және 32 бауыр трансплантациясы жасалды.