ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ: 2024 ЖЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТАР

14
0
Шымкент қаласының газтехникалық инспекциясы 2024 жылы газбен қамтамасыз ету қауіпсіздігін арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізді. 110 насихаттық іс-шара ұйымдастырылып, 102 брифинг, мақала және әлеуметтік желілерде ақпараттық жарияланымдар жасалды. Сонымен қатар, 41 жиналыс пен дөңгелек үстелдер өткізіліп, 91 300 жадынама таратылды. Бұл шаралар тұрғындар арасында газ пайдалану қауіпсіздігі туралы ақпараттандыруды күшейтуге бағытталған.
Газ пайдалану қауіпсіздігі талаптарын бұзған 114 жеке тұлғаға 1 591 252 теңге көлемінде айыппұл салынды, ал 305-бап бойынша 2 заңды тұлғаға 64 610 теңге айыппұл тағайындалды. Газбен улану оқиғаларының алдын алу үшін 53 510 үйге барып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл шара барысында қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін газ құрылғылары анықталып, 2396 абонент туралы мәлімет «QazaqGazAimaq» ШӨФ-на жолданды. Қазіргі таңда қауіп төндіретін 178 үй газ жүйесінен ажыратылды.
Сонымен қатар, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында қауіпті өндірістік объектілерді жобалау құжаттамасын келісу бойынша 63 өтініш тіркеліп, оның 36-сы мақұлданды, 26 өтініш кері қайтарылып, 1 өтініш қаралуда. Бұл да газбен қамтамасыз ету қауіпсіздігін арттыру мақсатындағы тағы бір маңызды қадам болып табылады.