ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 350 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

44
0
Қаратау ауданы аумағында 2025 жылы жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл жобаның аясында 15 елді мекендегі 350 көше жарықпен қамтамасыз етіледі. Жарықтандыру жұмыстарының басты мақсаты — тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру, ауданның эстетикалық келбетін жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеру.
Атап айтқанда, «Өтеміс» тұрғын алабында — 4 көше, «Шапырашты» тұрғын алабында — 3 көше, «Алтын Орда» шағынауданында (бұрынғы «Бозарық» саяжайы) — 22 көше, «Мирас» шағынауданында -13 көше, «Достық» тұрғын алабында — 5 көше, «Нұртас» шағынауданында — 18 көше жарықтандырылады. Сонымен қатар, «Қайтпас» шағынауданында — 5 көше, «Тассай» тұрғын алабында — 35 көше, «Таскен» тұрғын алабында — 16 көше, «Тараз», «Мирас-2», «Шапағат» шағынаудандарында — 36 көше жарықтандырылып, тұрғындар үшін жайлы және қауіпсіз орта қалыптастырылады.
Бұдан бөлек, «84 орам» аумағында — 1 көше, «Тұран» шағынауданында — 1 көше, «Сайрам» тұрғын алабында — 166 көше, «Қызылсу» тұрғын алабында -4 көше жарықпен қамтылады. Бұл жұмыстар жергілікті тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып жоспарланып, ауданның барлық бөліктерінде жарықтандыруды толық қамтамасыз етуге бағытталған.
Жарықтандыру жүйелерін орнату жергілікті инфрақұрылымды жаңғырту, экологиялық жағдайды жақсарту және көшелердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүзеге асырылатын маңызды қадам болып табылады. Бұл өз кезегінде ауданның даму деңгейін көтеріп, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Аталған жұмыстардың нәтижесінде Қаратау ауданында тұрғындардың кешкі уақытта көше бойымен еркін жүріп-тұруы, сондай-ақ, қоғамдық қауіпсіздік деңгейінің арттыруы қамтамасыз етіледі. Жоба жүзеге асқаннан кейін ауданның өмір сүру сапасы айтарлықтай жақсарып, қаланың эстетикалық көрінісі өзгереді.