АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

1 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні шеңберінде М.Әуезов атындағы ОҚУ ғимаратында Азаматтық қорғаныс орталығы ашылды.
Аталған орталықтың басты мақсаты, азаматтық қорғау саласындағы ілімді кеңінен насихаттау болып табылады. Іс-шара барсында, Департаментпен Университет арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, іс-шараның қорытындысы негізінде, Департамент мамандарымен Университет студенттері арасында оқу-семинарға ұласып, әдістемелік көмек көрсетілді.