ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ЕСКЕРТЕДІ!

62
0

Жыл басынан бері тұрғындардың қоқыс қалдықтарын, қураған шөптерді жағуы салдарынан өрт оқиғалары орын алды. Мысалы ағымдағы жылдың 2-қыркүйегінде Түркістан қаласындағы Сырым батыр көшесінде орналасқан жеке үйдің ауласында  қураған шөп жанады. Тез тұтанған от көрші үйдің (Едіге көшесіндегі)  қорасына шарпиды. Салдарынан ауданы 84 шаршы метрді құрайтын қораның шатыры (45 шаршы метрі) және есік терезелері өртенеді. Бұл Түркістан қаласындағы №1 мамандандырығлан өрт сөндіру бөліміне хабарланып, оқиға орнына өрт сөндірушілер барып, қауіпті алдын алған.

Өрт сөндірушілер мұндай мысалдардың көптігін алға тартады. Сол үшін де үй ауласында, көшеде қураған шөптер мен қоқыс қалдықтарын өртемеуді ескертеді.

Өз кезегінде Түркістан қаласы әкімдігі бұл бағытта арнайы қызмет көрсететін мекемелердің жұмыс істеуі жолға қойылғанын мәлімдейді.

Атап айтқанда, 2022 жылдың қаңтар айынан бастап  Түркістан қаласының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарын «Түркістан Жарық Тазалық» және «ШымкентСпецКомплекс» жауапкершілігі шектеулі серіптестіктері жүргізуде.

Жалпы қала аумағында 845 шақырымды құрайтын, 875 көше бар. Оның ішінде 787 көшеге санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіледі. 787 көшенің 136 көшесі механикалық жолмен тазаланса, қалған           651  көшеге қолмен тазалау жұмыстары жүргізіліп отырады.

Аталған 787 көшенің 39 көшесі орталық маңызы бар көше болып саналады.