БАЛАБАҚШАЛАР МЕН КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ӨЗГЕРЕДІ

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту өзгерістер енгізілді.

— Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруге жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес есептелген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативінің көлемінен төмен емес болып айқындалады, — делінген бұйрық мәтінінде.

Ал мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі әдістемеге сәйкес айқындалады.

— Жергілікті атқарушы органдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын дербес айқындайды, — деп жазылған құжатта.

Бұйрық 2025 жылғы 17 мамырда күшіне енеді.