ТҰРҒЫН КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ ОҢ ШЕШІЛДІ

«АMANAT» партиясы – халық пен билік арасындағы алтын көпір екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Тарқатсақ, Шымкент қаласы, Қаратау аудандық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген әр азаматтың өтініші назардан тыс қалмайды. Соның айғағы ретінде жақында болған бір оқиғаны атап өтуге болады.
Қаратау ауданына қарасты Сайрам елді мекенінің тұрғыны партияның қоғамдық қабылдауына келіп, өз ауылындағы басты көшелерде құрылыс қалдықтарының уақытылы шығарылмайтынын айтып, мәселенің шешілуіне көмек сұраған. Бұл мәселе — тек бір тұрғынның ғана емес, елді мекен халқының тұрмыс сапасына әсер ететін өзекті проблема болатын. Құрылыстан қалған қалдықтар көшелердің көркін бұзып қана қоймай, жол қозғалысына және экологиялық жағдайға да кері әсерін тигізіп келген. Мәселе көтерілген бойда «AMANAT» партиясының Қаратау аудандық филиалы тұрғынның өтінішін назарға алып, тиісті мекемелермен бірлесе нақты іс-шараларды қолға алды. Филиалдың атқарушы хатшысы мәселенің оң шешілуі үшін барлық жауапты органдарға хат жолдап, мәселені бақылауына алды. Нәтижесінде, Сайрам елді мекеніндегі басты көшелер толықтай тазартылып, құрылыс қалдықтары шығарылды. Қалдықтардан арылған көшелердің бойында тазалық жұмыстары жүргізіліп, елді мекен тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптасты. Бұл — партияның қоғам алдындағы жауапкершілігінің, азаматтардың өтінішіне бейжай қарамайтындығының айқын көрінісі. «AMANAT» партиясы тек саяси ұйым ғана емес, халықтың сенімін ақтауға бағытталған әлеуметтік институт рөлін атқарып келеді. Партияның басты мақсаты – тұрғындардың нақты мәселелерін шешу арқылы олардың өмір сапасын арттыру.
Қаратау аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі күн сайын түрлі бағыттағы өтініштерді қабылдайды. Солардың ішінде коммуналдық сала, жол, ауыз су, көше жарығы, тазалық және әлеуметтік мәселелер жиі көтеріледі. Әрбір өтінішке нақты жауап беріліп, мүмкіндігінше жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешім шығарылады. Сайрам елді мекеніндегі тазалық мәселесінің оң шешілуі – тұрғындардың белсенділігінің және партияның жүйелі жұмысының нәтижесі. Бұл – «AMANAT» партиясы жариялаған «Халықпен бірге!» қағидатының нақты көрінісі. Партияның қоғамдық қабылдау жүйесі қарапайым азаматтың үні естілетін, мәселесі шешілетін ашық алаңға айналып отыр. Қала тұрғындары тарапынан осындай қоғамдық қабылдауларға деген сенімнің артуы – партия жұмысының тиімділігін көрсетеді. Себебі кез келген азамат өзінің проблемасын айтып, нақты нәтиже көрген жағдайда ғана сенім күшейеді. «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалы алдағы уақытта да тұрғындардың өтініштері мен шағымдарын шешу бағытында жүйелі түрде жұмыс істей бермек. Бұл бағыттағы әрбір оң нәтиже – халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы нақты қадам.