ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАПТЫ

«AMANAT» партиясының Тұран аудандық филиалы азаматтардың өмір қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселені көтеріп, оны қысқа мерзімде шешуге ықпал етті. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне қала тұрғындары тарапынан Республика даңғылы №45 үйдің ауласындағы балалар ойын алаңшасында қауіп төндіретін темір бөлшектердің бар екендігі жөнінде шағым түскен болатын. Тұрғындардың айтуынша, аталмыш аумақта балалар жиі ойнайтындықтан, сынған немесе дұрыс орнатылмаған темір элементтер олардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіріп келген.
Мәселені назардан тыс қалдырмаған Тұран аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Есімхан Қалмаханұлы тұрғындардың өтінішін дереу қарастырып, Тұран ауданы әкімдігіне тиісті хабарлама жолданатынын айтты. Партия тарапынан мәселенің орын алу себебі мен оны жедел шешу тетіктері талқыланып, жауапты мекемелермен байланыс орнатылды. Көп ұзамай аудан әкімдігі жанындағы «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің абаттандырылған нысандарды күтіп ұстау бөлімі тұрғындар өтініші бойынша нақты шаралар қабылдады. Мамандар оқиға орнына барып, ойын алаңшасындағы темір бөлшектерді толықтай алып тастады. Алаң аумағы ретке келтіріліп, балалардың қауіпсіз ойнауына жағдай жасалды. Бұл жедел әрекет партияның халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтінін және тұрғындардың өтінішіне бейжай қарамайтынын тағы бір рет дәлелдеді. Осындай нақты істердің арқасында «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері шынайы көмек алаңы мен халық пен билік арасындағы тиімді көпірге айналып отыр. Партия өкілдерінің айтуынша, азаматтардың тұрмыстық және инфрақұрылымдық мәселелерін дер кезінде анықтап, тиісті органдармен бірлесе шешу – «AMANAT» партиясының басты басымдықтарының бірі. Тұрғындар тарапынан түскен әр өтініш жеке қаралып, шешімін тапқанға дейін бақылауда ұсталады. Аталған оқиға да осы ұстанымның айқын көрінісі болды. Балалардың қауіпсіздігіне қатысты мәселе қысқа уақыт ішінде шешіліп, тұрғындардың талап-тілектері орындалды. Тұран ауданы әкімдігі мен партия филиалының үйлесімді жұмысы нәтижесінде ауладағы қауіпті жағдай жойылып, тұрғындардың ризашылығына бөленді.
Жергілікті халық мұндай жауапты әрі жедел шешім қабылдағаны үшін партия өкілдеріне алғыстарын білдірді. Олар бұл бастаманың тек бір реттік шара емес, алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдіріп, өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын ашық жеткізуге дайын екендіктерін айтты. «AMANAT» партиясы Тұран аудандық филиалының қоғамдық қабылдауы тұрғындар мен билік арасындағы тиімді диалог алаңы болып отыр. Мұнда әрбір азамат өз өтінішін айтып, нақты көмек пен түсініктеме алу мүмкіндігіне ие. Партияның басты мақсаты – халықтың тұрмыс сапасын арттыру, қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін уақытылы қарастырып, оң шешім қабылдау. Ойын алаңшасындағы темір бөлшектердің алынуы – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың бір көрінісі. Бұл іс-шара тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, қоғамда азаматтардың жауапкершілік сезімін арттыруға да ықпал етеді. Себебі мұндай бастамаларда халықтың белсенді қатысуы мен партияның қолдауы бірігіп, ортақ нәтижеге жеткізеді. Алдағы уақытта да «AMANAT» партиясы Тұран аудандық филиалы азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға, қаланың инфрақұрылымын дамытуға және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған жұмыстарды жалғастыра бермек.



