ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 19 қарашасында Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында 10-сынып оқушылары арасында «Менің құқықтарым» атты шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Эссе жазу форматында өткен бұл байқау оқушылардың құқықтары мен міндеттерін терең түсінуіне, құқықтық мәдениетті дамытуына және жеке азаматтық ұстанымын қалыптастыруына бағытталды. Аталған іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттарымен ұштасып, жас ұрпақтың құқықтық санасын арттыруда маңызды рөл атқарды.
Байқаудың басты мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың өз құқықтарын білуімен қатар, қоғам алдындағы міндеттерін де түсінуіне жағдай жасау. «Адал азамат» бағдарламасы жас өскіннің бойында әділдік, жауапкершілік, заңға құрмет, құқықтық тәртіпті сақтау секілді құндылықтарды дамытуды көздейді. Осы тұрғыдан алғанда, «Менің құқықтарым» байқауы оқушыларды азаматтық жауапкершілікке тәрбиелейтін тиімді алаң болды. Іс-шара барысында 10-сынып оқушылары адамның негізгі құқықтары, Конституция мен халықаралық құқық нормаларында бекітілген балалардың қорғалу құқығы, білім алу және еркін ой айту еркіндігі жөніндегі көзқарастарын эссе түрінде баяндады. Бұл олардың құқықтық білімін кеңейтіп қана қоймай, ойды жүйелеу, өз пікірін дәлелдеу, шығармашылық тұрғыдан тұжырым жасау қабілеттерін дамытты. Оқушылардың жұмыстары мазмұндылығы мен идеялық жаңашылдығымен ерекшеленді. Көптеген эсседе құқық пен міндеттің өзара байланысы, өзгенің құқығын құрметтеу, қоғам алдындағы адалдықтың маңызы туралы маңызды ойлар көрініс тапты. «Адал азамат» бағдарламасының «Құқықтық мәдениет» бағыты оқушыларды құқықтық нормаларды түсініп, оны күнделікті өмірде қолдануға баулуды мақсат етеді. Байқау дәл осы бағытты жүзеге асыруға септігін тигізді. Қатысушылар өз құқықтары мен міндеттерін білу – тек жеке басының мүддесін қорғау емес, сонымен қатар қоғамның белсенді әрі жауапты мүшесі болудың алғышарты екендігін түсіне білді. Бұл жас буынның азаматтық көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.
Шығармашылық байқау барысында оқушылар әділдікке ұмтылу, адал еңбек ету, заңды құрметтеу сияқты қасиеттердің адам өміріндегі рөлін талдап, оларды жеке тұлғалық дамудың негізгі қағидасы ретінде көрсетті. Мұндай ой-пікірлер «Адал азамат» бағдарламасының «Адамгершілік және рухани мәдениет» бағытымен тікелей үйлеседі. Себебі адалдық пен әділдікке негізделген құқықтық сана қоғамда жауапкершілігі жоғары, мәдениетті тұлғаны қалыптастырады. Іс-шара қорытындысында оқушылардың жұмыстары мәселеге терең, жан-жақты қарауымен, құқықтық ой-өрісінің кеңдігімен ерекшеленді. Байқау жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, олардың құқықтық сауаттылығын күшейтып, заңға құрметпен қарау дағдысын қалыптастырды. Бұл – «Адал азамат» бағдарламасының мақсаты болып табылатын парасатты, жауапкершілігі мол, қоғамға пайдалы тұлға тәрбиелеудің нақты көрінісі. Осындай мазмұнды іс-шаралар жас буынның құқықтық мәдениетін нығайтып, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, өз рөлін дұрыс бағалай білуге зор ықпал етеді. Білім ордаларында құқықтық тәрбиенің жүйелі жүргізілуі болашақта әділ, жауапты және елжанды азаматтардың қалыптасуына негіз болары анық.

