ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты А. Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебінде «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының хатына сәйкес, «Досбол LIKE: достық қолын ұсын!» республикалық акциясы аясында «Ұшқыр ой алаңы» жобасының «Дос және достық» тақырыбында мектепішілік пікірсайыс ұйымдастырылды. 14 қараша күні өткен бұл шараға 8-сынып оқушылары қатысып, пікірсайыс американдық парламенттік форматта жүргізілді. Мұндай формат оқушылардың еркін ойлауына, пікірін дәлелмен қорғауына және қарсы тараптың уәжін сыни қабылдауына мүмкіндік береді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдерді достықты қадірлей білуге, ұйымшыл болуға, бір-біріне қолдау көрсетуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, достық туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайту болды. Пікірсайыс барысында оқушылар дос қандай болуы керек, достықтың адам өміріндегі рөлі, шынайы қарым-қатынастың белгілері жөнінде терең ой қозғады. Балалар өз ұстанымдарын дәлелдеп, өмірден алынған мысалдар арқылы пікірлерін нақтылап жеткізе алды. Бұл іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұнымен толық үйлеседі. Бағдарлама жас ұрпақты адалдыққа, әділдікке, жауапкершілікке, сыйластыққа тәрбиелеуді көздейді. Пікірсайыс барысында оқушылардың өзара сыйластыққа негізделген мәдени пікір алмасуы, қарсы тараптың пікіріне құрмет танытуы – «Адал азамат» ықпал ететін тұлғалық қасиеттердің көрінісі. Достықты бағалау, өзімшілдіктен, менмендіктен арылу, шыншыл болу – бағдарламаның «Адал жүрек» бағытымен тікелей байланысты. Пікірсайыс оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал етіп қана қоймай, олардың бір-біріне деген достық сезімін нығайтты. Қазіргі қоғамда балалар арасында коммуникациялық дағдыларды жетілдіру, бір-бірін тыңдай білу, пікірін мәдениетті түрде жеткізу – маңызды міндеттердің бірі. Бұл тұрғыда «Ұшқыр ой алаңы» жобасының берері мол. Оқушылар достықты сақтаудың, ұжымдық татулықтың және өзара түсіністіктің тұлғаның дамуына қалай әсер ететінін түсініп шықты.

Сонымен қатар, шара барысында балалар жағымды қарым-қатынас орната білу, көмек қолын созу, жан-жақты қолдау көрсету секілді әлеуметтік дағдыларды да меңгере алды. Бұл қасиеттер «Адал азамат» бағдарламасының тәрбиелік мақсаттарымен ұштасып, жас ұрпақ бойында адалдық пен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға оң ықпал етті. Жалпы алғанда, №87 жалпы орта білім беретін мектебінде өткен пікірсайыс оқушылардың достық туралы түсінігін тереңдетіп қана қоймай, оларды бір-біріне құрметпен қарауға, ұйымшыл болуға, дұрыс қарым-қатынас құра білуге тәрбиеледі. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдерді саналы, мейірімді әрі адал азамат болып қалыптасуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.