НҰРТАС ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Елімізде соңғы жылдары билік пен азаматтар арасындағы ашық диалогты күшейтуге бағытталған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл тұжырымдаманың басты мақсаты – халықтың мәселесін дер кезінде анықтау, азаматтардың сұранысына жедел әрекет ету және шешім қабылдау үдерісіне тұрғындарды кеңінен тарту. Осы бағытта мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың жұмысы күшейтіліп, әрбір азаматтың пікірі еленіп, қажеттілігі назардан тыс қалмауына жағдай жасалуда.
Осы бастаманың нақты орындалған үлгісін Шымкент қаласында өткен қоғамдық қабылдау барысында байқауға болады. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қаратау ауданы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылды. Қабылдау кезінде Нұртас тұрғын алабының тұрғыны өз көшесіне асфальт төсеу мәселесін көтеріп, тиісті көмек сұрады. Бұл – тұрғындар жиі кездесетін, олардың күнделікті тұрмысына тікелей әсер ететін маңызды инфрақұрылымдық мәселе. Тұрғынның өтінішін тыңдаған Қаратау ауданының әкімі Алмас Емелтайұлы мәселенің өзектілігін ескеріп, оны оң шешуге бар күш салатындығын жеткізді. Әкімнің осылайша тұрғын пікіріне құлақ асып, мәселені назарға алуы – ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын ұстанатын басқару моделінің айқын көрінісі. Тұрғын мен билік арасындағы еркін диалог, мәселенің нақты талқылануы – мемлекеттік басқарудың жаңа форматының орныққанын білдіреді. Уақыт өте келе бұл мәселе бақылаудан тыс қалмай, нақты нәтижесін берді. Нұртас шағын ауданы тұрғынының өтініші оң шешімін тауып, аталған көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Бұл тек бір тұрғынның ғана емес, тұтас шағынаудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартатын маңызды қадам. Асфальт төселген көше – балалардың қауіпсіздігі, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлылық, қоғамдық инфрақұрылымның жақсаруы және ауданның жалпы дамуы үшін үлкен маңызға ие.
Бұл оқиға қоғам мен билік арасындағы сенімді арттыра түседі. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясында ең бастысы – азаматтың мәселесін уақытында есту ғана емес, оны шешуге шынайы әрекет ету. Осы тұрғыдан алғанда, Қаратау ауданы әкімінің қабылдауы мен нақты атқарылған жұмыс мемлекеттік органдардың халықпен тиімді байланыс орнату жолында жүйелі түрде жұмыс істейтінін дәлелдейді. Сонымен қатар «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері де осы тұжырымдаманы жүзеге асырудың маңызды алаңына айналып отыр. Мұнда тұрғындар өз мәселелерін тікелей жеткізіп, жылдам әрі ашық түрде жауап алады. Қоғамдық қабылдаулар билікке бару қиын болған азаматтар үшін қолжетімді көпір қызметін атқарады. Нұртас тұрғын алабындағы асфальт мәселесінің шешілуі – бір ғана инфрақұрылымдық жоба емес, елде қалыптасып келе жатқан жаңа басқару мәдениетінің белгісі. Тұрғындардың сөзі тыңдалып, өтініштері ескеріліп, нақты істер атқарылуы – бүгінгі Қазақстандағы оң өзгерістердің көрінісі. Бұл – қоғамның әкімдікке деген сенімін арттырып қана қоймай, азаматтардың өз мәселесін ашық айтуға, қоғамдық өмірге белсенді қатысуға ынталандырады. Осылайша, қарапайым тұрғынның өтініші негізінде атқарылған жұмыс мемлекеттік органдардың халықпен кері байланыс орнатудағы жаңа деңгейін көрсетіп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының іс жүзіндегі тиімділігін дәлелдеді. Бұл үлгі өзге аудандар мен өңірлер үшін де оң тәжірибе болары анық.

