Мұғалімнің кәсіби машықтығы – заман талабы

373
0

22Тәуелсіздік алғалы бері мемлекетіміздің білім беру саласында түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылуда. Білім беруді дамытудың әлемдік жетекші үрдісі мен нақты басымдықтарын негіз еткен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламаның маңызды ережелері Қазақстан Республикасы Президентінің қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында нақты көрсетілген болатын. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Білім беруді модернизациялауды жалғастыруымыз қажет. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс»,- деп қадап айтқан болатын. Ол үшін оқытудың сапасын көтеріп, білім беру жүйесін үздіксіз жетілдіру, құқықтық базаны жаңартумен қатар, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту қажет.Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толық өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Оқушыларының сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Ұстаздық — өте жауапты мамандық. Ұстаз — білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп, дарытушы. Ол – мемлекетіміздің өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы. Бір сөзбен айтсақ, мұғалім — мемлекет өкілі. Ол өзінің ісімен де, сөзімен де, жүріс-тұрыс, мәдениетімен де, мектепке және мектептен тыс қоғамда Тәуелсіз еліміздің эталондық бейнесі болып табылады. Сондықтан да, мұғалімнің оқу-әдістемелік, әлеуметтік-материалдық жағдайын жақсарту жолымен оның беделін мүмкіндігінше арттырып отыру мемлекетіміздің білім беру саясатындағы негізгі басымдықтардың бірі болуға тиіс. Қазіргі кезде педагогтарға тұрғын үй алу үшін ұзақ мерзімге жеңілдетілген несие беру, барлық мұғалімдерді тегін медициналық тексеруден өткізу, білім беру гранттарын тағайындау, коммуналдық қызмет көрсету, жалақыға 25 пайыз үстеме ақы төлеу мәселелері тиянақты шешілуде. Енді, міне, қаржы дағдарысына қарамастан 1 шілдеден бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өсті. Ал, 1 қыркүйектен жоғары санатты мұғалімдердің еңбекақысы жүз пайызға көбейетін болады. Алда да мемлекет тарапынан ұстаздар қауымына деген қанатты қамқорлықтың жалғаса беретіні сөзсіз. Әрине, мұғалімге қойылып отырған қоғамдық талап өскен сайын мұғалімнің жауапкершілігі де өсе түсуі тиіс. Қазір мемлекетіміздің алдында білімді де іскер, ғылымға қабілеті бар, заман талабына сай буын қалыптастыру мәселесі тұр. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Бәсекеге лайық маман тәрбиеле, бәсекеге лайық ұлт жаса» деген бастамасының өзі стратегиялық негізгі құралға айналып отырғандығы да сондықтан. Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында. Мемлекет жастарға сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасап отыр. Жас ұрпақ білімді, талапты, талантты болуы керек. Қоғам дамуындағы ең басты факторлардың бірі – оқушыға жүйелі, жан-жақты білім беру мен тұлғаны қалыптастыру. Мектепте тек білім беріп қоймай, бойында адами құндылықтар дарыған ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Бүгінгі жас ұрпақ – біздің ертеңіміз. Болашағымыздың кілтін ұстар келешек жастарымызға лайықты білім мен тәрбие беру – бүгінгі күннің басты міндеті. Оқушылардың білімді және тәрбиелі болуына тікелей мектеп мұғалімдерінің ықпалы зор. Мектептегі білім сапасы мұғалімнің дайындығына байланысты, әр мұғалім алдында отырған балаға ұлттың болашағы, елдің ертеңі ретінде қарау керек. Сол себепті мектептегі пән мұғалімдерінің кәсіби деңгейлерін курстарда көтеру және түрлі тақырыптық пән семинарларына қатыстыру жұмыстарын жүргізу қажет. Күрделі сынақтарға толы үлкен өмірге қадам басып отырған түлектерге жоғары оқу орнына түсуде қойылар талаптардың жыл сайын күрделеніп, өзгеріп отыратынын естен шығармау қажет. Сондықтан алдағы жаңа оқу жылында аталған жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуы, оған үлкен дайындық жүргізілуі үздіксіз бақылауда болады. 1 шілдеден бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өсті. Ал, 1 қыркүйектен жоғары санатты мұғалімдердің еңбекақысы жүз пайызға көбейетін болады.Демек, мұғалімдерге де артылатын жүктің ауырлай түсері анық.

А.ӘБІЛДАЕВА,
№72 жалпы орта мектебінің мұғалімі.