ШЫМКЕНТТЕ СПОРТ САЛАСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Шымкент қаласында спорт саласының қызметкерлері, жаттықтырушылар және спортшылардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының мазмұны мен маңызын түсіндіруге арналған арнайы жиын ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – Ата Заңға енгізілген өзгерістерді спорт қауымдастығына жан-жақты жеткізіп, олардың ел дамуы мен қоғам өміріндегі рөлін кеңінен талқылау болды.
Жиын барысында Мемлекет басшысының Жаңа Конституцияның стратегиялық маңызы туралы айтқан негізгі ұстанымдары баяндалып, конституциялық реформалардың әділетті қоғам қалыптастыруға, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталғаны атап өтілді. Сонымен қатар реформалардың мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудағы, қоғам мен билік арасындағы жауапкершілікті арттырудағы рөлі де сөз болды.
Жиында сарашы Тастанбек Ердәулет Сапарғалиұлы баяндама жасап, Жаңа Конституцияның ел болашағына бағытталған тарихи қадам екенін атап өтті. Ол конституциялық өзгерістердің әр салаға, соның ішінде спорт жүйесіне де оң әсер ететінін жеткізіп, спорт саласы өкілдерінің қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымы мен құқықтық мәдениетті нығайтудағы жауапкершілігіне ерекше тоқталды.
Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныс-тілектерін ортаға салды. Ашық форматта өткен жиында спортшылар мен жаттықтырушылар көкейдегі сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Өткізілген жиынның қорытындысы бойынша барлық қатысушылар Жаңа Констиутуцияға бірауыздан қолдау білдірді.



