ЖҰМЫСШЫ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ — БАСТЫ НАЗАРДА!

Түркістан облысында халықтың табысын арттыру, жұмыспен қамту жұмыстары жүйелі әрі аймақ басшысының бақылауында. Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында кеңінен қаралды. Аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар беріп, жұмысты ширатуды міндеттеп, кемшілікке жол берген жауаптыларды сынға алды.

Өңірде еңбек шарттарын рәсімдеу және әлеуметтік төлемдерді заңдастыру жұмыстары әлі де өзекті. Қазіргі таңда бірқатар мекемелерде құжаттандыру мен әлеуметтік кепілдіктерді толық енгізу бағытында жүйелі тексерістер жүргізілуде. Сонымен қатар әлеуметтік қолдау бағытында да нақты нәтижелер бар. Кедейлік деңгейін төмендету және атаулы әлеуметтік көмекті әділ бөлу бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. 2026 жылы 60 мыңға жуық адамға әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Аймақта «Ауыл аманаты» сияқты жобалар арқылы тұрғындардың табысын арттыруға және шағын кәсіпті дамытуға кең мүмкіндік беріліп отыр. Бірқатар азамат жеңілдетілген несие алып, өз ісін бастап кеткен.

Жалпы, өңірде басты бағыт өзгеріссіз: заңды еңбек, тұрақты табыс және әлеуметтік тұрақтылықты күшейту.