ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ЖАРТЫ ЖЫЛДА 4,1 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ

115
0

Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,1%-ға өсті. Өңірлер арасында өсім қарқыны бойынша Ұлытау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары көш бастады. Бұл туралы Стат бюро мәлім етті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-маусымдағы өндіріс әдісімен ЖІӨ көлемі (есепті деректер бойынша) 71 215 382,4 млн. теңгені құраған.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ нақты мәнде 4,1%-ға өсті. Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) өсу қарқынының ең жоғары көрсеткіштері Ұлытау (15,3%), Түркістан (13,3%) және Солтүстік Қазақстан (11,4%) облыстарында байқалды.

2026 жылғы қаңтар-маусымда ЖІӨ құрылымында ең үлкен үлесті Алматы қаласы (20,2%), Астана қаласы (12,5%) және Атырау облысы (11,7%) иеленді. ЖІӨ өсіміне ең жоғары үлесті Алматы қаласы (0,68 п.т), Астана қаласы (0,62 п.т) және Алматы облысы (0,47 п.т) қосты.