ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ ТАЛАПҚА САЙ БОЛУЫ АПАТ ТУДЫРМАЙДЫ

Елімізде тіркелетін өрт оқиғаларының көп бөлігі тұрғын-үй секторында орын алады екен. Сонымен қатар өрттың шығуына электр жабдықтарын техникалық пайдалану және монтаждау қағидаларын бұзудан болады.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің статистикалық дерегіне жасаған талдау көрсеткіші осыған саяды. Сондықтан да электр желілерінің талап деңгейіне сай болуы қоршаған орта үшін аса маңызды. Осы бағытта Түркістан қаласында қандай жұмыстар атқарылды?

Түркістан қаласы бойынша электр қуатымен қамтылған 39937 абонент бар. Оның ішінде 33937 абонент  сапалы электр қуатымен қамтылған. Абоненттер орташа есеппен сағатына 48,8 МВт қуат көзін тұтынады.

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың ағымдағы жылдың 9 айында атқарған жұмысы туралы есебінде былтыр  тұрғындардың қуат көзіне қол жеткізу көрсеткіші 84,9% дан 94,7% артқанын мәлімдейді. Осы жылы тұрғындарды сапалы жарықпен қамту бағытында келесідей жұмыстар жасалуда.

Түркістан қаласы Т.Диметов көшесі аумағында орналасқан тұрғын үй массивіндегі 260 үйге  сапалы электр қуатын жеткізу мақсатында тиісті құрылыс жұмыстары жүруде. Бұл жұмыстар аяқталса жарықты пайдаланушылардың көрсеткіші 94,7% дан 95,2% жетеді.

Сонымен қатар әуе электр желілерін кабельдік желіге ауыстыру бойынша үш нысанда құрылыс жұмыстары жүруде.

Атап айтқанда Б. Саттарханов даңғылы мен Кенесары көшесі бойынша, Әл-Фараби, Ататүрік, С. Ерубаев көшелері бойынша, Тәуке Хан даңғылы, Қазыбек би, М. Абеновa, Төле би, Н. Төреқұлов, Н. Тынышқұлов көшелері бойынша. Нәтижесінде 150 шақырымнан астам электр желісі кабельді желі болады. Бұл өз кезегінде қолайсыз ауа райы кезінде көше бойындағы ағаштардың электр желісіне құлауы, қатты желдің электр желісін үзуі, найзағайдың түсуі сынды адами факторлар мен техногенді сипаттағы жағдайлар кезінде абоненттердің жарықтан ажыратылу қаупін мейлінше азайтады.

Әуе электр желілерін кабельді желіге ауыстыру нәтижесінде қосымша 9669 абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Бұл бағыттағы құрылыс жұмыстары 2023 жылға дейін жалғасады.

Ағымдағы жылдың соңына  дейін 7 нысанда атқарылып жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарының есебінен  13 803 абонент сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілетін болады.

Айта кетейік, Түркістан қаласында 1 415,304 шқ. электр желісі бар. Оның ішінде 791,5 шақырымы немесе барлық электр желісінің 55% коммуналдық меншікте.  Қалған 30 пайызы (443,9 шақырым) «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершлгі шектеулі серіктестігінің теңгерімінде.  Сондай-ақ, желілердің 179,904 шақырымы (15 пайызы) жеке және заңды тұлғалардың меншігінде.

Қала көлемінде 1 286 трансформатор бар. Оның 359 данасы немесе 28 пайызы коммуналдық меншікте. Көп бөлігі атап айтқанда 760 данасы (59 пайызы) жеке және заңды тұлғалардың меншігінде. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС  теңгерімінде 167 (13%) дана трансформатор бар.