Бұқарбаев барлық мән-жайды ақтарылып айтады

333
0

Нұрғазы БұқарбаевБір біз ғана емес, біраз басылымдардың бетінде осыдан біршама уақыт бұрын Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Нұрғазы Бұқарбаевтың төңірегінде әжептеуір сенсация туындап, талай көңілде түйіткілі мол сауалдар қалып қойған болатын. Нұрғазы мырза елді де, қасындағы қалаулыларын да, керек болса облыстың әкімі Мырзахметовті де өзінің тосын мәлімдемесімен аң-таң қылған болатын. «Қызыма біреулердің тарапынан қоқан-лоқы жасалынды, отбасыма қауіп төнуі мүмкін, құқық қорғау органдары осының алдын алмаса, мен мандатымды тапсырамын» деген сарындағы жұмбағы мол мәлімдеме сол ашылмаған күйінде қалған-тұғын. Бұл біздің газеттің шағармашылық тобын да әжептеуір ойға қалдырды.
Жылан жылының соңында «Уақыт» газетінің директоры Талғат Балтабаев осы дүйім жұртты дүр сілкіндірген депутат Нұрғазы Бұқарбаевпен бетпе-бет кездесіп, жүзбе-жүз отырып сұхбат алды. Талай әңгіменің ішегінің қырындысы ақтарылып, өткір сауалдарға бүкпесіз жауаптар берілді. Амандық болса, алдағы Жылқы жылында газеттің бірінші нөмірінен осы диалогты оқып, таныс боласыздар.

«Уақыт»