АЯУЛЫ АНАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Құрметова Бибатпа Құрметқызы 1947 жылдың 25 сәуірінде Орал облысы Аққозы совхозында дүниеге келді. 1965 жылы Мұхит атындағы Қаратөбе 10 жылдық орта мектебін бітірді.
1967 жылы қазан айында Байлауов Махсотпен отау құрып, жұмыс бабымен 1974 жылы Гурьев қаласына келеді. 1974 жылдың тамыз айынан бастап Гурьев қаласындағы УГ-157/1 тергеу абақтысында бақылаушы лауазымында еңбек жолын бастады. Көрсетілген мекемеде 20 жыл үздіксіз қызмет атқарып, 1994 жылы аға бақылаушы лауазымында аға прапорщик шенінде зейнеткерлікке шыққан. Қызмет атқарған мерзімде ІІ және ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдармен, қылмыстық атқару жүйесінің алғыс хатттарымен, грамоталарымен, құрмет грамотасымен марапатталған.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін УГ-157/9 мекемесінің мектебінде кітапханашы лауазымында қазіргі уақытқа дейін қызмет атқаруда.
8 бала тәрбиелеп өсірген.