Тоқтар «Азатты» тастап кетті, Жармахан жабырқап қалды

457
2

      Биылғы Парламент мәжілісіне депутаттар сайлаудың қарсаңында Шымкент қаласындағы  «Шымкент» қонақ үйінің тар залына сайлаушылар сыймай қалды. «Азат» ЖСДП-ның Жармахан Тұяқбай бастаған ығайлары мен сығайлары халықпен кездесіп, көптің көкейіндегі біраз келелі мәселелерді ортаға салып, ашық әңгімеге барған еді.

    Оппозицияның серкелерінің сапындағы бұл партияның тең төғағасының қатарында төралқаның біраз мүшелері болды. Міне осы жүздесуде сол төралқаның белді мүшесінің бірі, өз елінің беделді азаматы, Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес одағының батыры, Қазақстанның «Халық қаһарманы» Тоқтар Әубәкіров сөз алғанда, мыңдаған халық оны алақанына салып, тербетіп тұрғандай болды.
Күні кеше «Азаттың» көсегесін көгертетіндердің қатарында көсем болып жүрген Т.Әубәкіров саяси мәлімдеме жасап, өзінің партия қатарынан шығатындығын БАҚ арқылы халыққа жеткізді. Оның себебін ол кісі бір кездері өзінің ғарышқа ұшуына тікелей көмек берген, табандылық танытқан Нұрсұлтан Назарбаевтың алдындағы қарыздар болуымен байланыстырады. Сондай-ақ, кез келген партияның басты стратегиясы қарапайым халықтың жағдайын жақсартып, мемлекеттің дамуына қосар үлесінің ерекше болуымен, ел алдындағы тұңғыш Президенттің сіңірген енбегінің молдығымен, Қазақстанның бүгінгі дамуымен ұштастыра отырып, өзінің жаңа Қазақстанды көркейтуде Президент Н.Назарбаевтың командасында болатындығымен өз мәлімдемесін талқылаусыз жария етті.
Партияның тең төрағасы Жармахан Тұяқбай өзінің кешегі оппазициялық шепте қатар жүрген партияласының бұл қадамын биліктің қысым жасауы деп мәлімдеді. Десе де, жанындағы үлкен тұлғаның атбасын билікке қарай бұруы оны жабырқатқандығы да, жалтақтатқаны да сөзінен байқалып тұрды.  Қандай саяси бағытты ұстану әр азаматтың саналы түрде қабылдаған шешімі болатындығын ескерсек, Тоқтар мырзаның да өз ойлағаны, өз діттегені бар шығар.

«Уақыт».