«Қазақстан темір жолы» компаниясының құрылымы өзгерді

226
0

«Самұрық-Қазына» АҚ әзірлеген іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі компанияның орталық аппаратының жаңа құрылымын бекітті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚТЖ сілтеме жасап хабарлайды.

Басқарма Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болып Қанат Әлмағамбетов тағайындалды. Басқарма төрағасының Стратегия және цифрландыру жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы болып Әнуар Ахметжанов тағайындалды.

Қаржы жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы Даир Көшеров, Логистика жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы Ерлан Қойшыбаев, Жаңа жобалар бойынша басқарушы директордың міндетін атқарушы Ерсайын Нағаспаев, Өндірістік үдерістер жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы Бауыржан Орынбасаров, Аппарат басшысының міндетін атқарушы болып Серік Кеулімжаев тағайындалды.