Ерлан ескі қызметіне қайта оралды

186
0

hqdefault

Айтахановтар әулеті әкімшілік қызметінде бірін-бірі жалғастырып жатқан жандар. Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов Оңтүстіктің бірнеше аудандарында әкім болды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымында да болды. Бүгіндері қырықтан асқан Ерлан Қуанышұлы Айтаханов күні кеше ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін Астанада қалдырып, ОҚО әкімінің орынбасарлығы қызметіне екінші мәрте тағайындалды.

Мамандығы бойынша экономист, заңгер, экономика ғылымдарының кондинаты, еңбек жолын банктен бастап, талай министірлік пен агенттіктерде республикалық деңгейде қызмет атқарған. Ерлан Қуанышұлы баяғы орынбасарлық лауазымға есеп- қисап саласы бойынша емес, мәдениет, спорт, әлеуметтік саллалар бойынша орынбасар болып келді.
Бұл – жақында ғана Парламент Сенатына депутат болып сайланған Әли Әбдікерімұлы Бектаев атқарып кеткен қызмет. Өмір бойы «шот қағуымен» келе жатқан, қырықтың ортасындағы Ерлан мырзаға жаңа сала тосырқай қарамаса болғаны.

Қ.ҚАЛИЕВ