ЖАНАРМАЙҒА ТОЛЫ ВАГОНДАР ОТҚА ОРАНДЫ

256
0


Оңтүстікте төтенше жағдай. Мұнай өнімдері сақталған компанияда бензин тиелген вагондар соқтығысып, ірі өрт болды. Қызыл жалын жанар жағармайға толы резервуарда тұтанып, жақын маңдағы елдімекендер мен кәсіпорындарға қауіп төндірді. Бұл уақытта мұнай қоймасында 20 жуық жұмысшы, тез тұтанғыш сұйықтықты арнайы құтыларға құйып жатқан. Абырой болғанда олар апатты аймақтан қашып үлгеріпті. Қауіпсіздік шаралары үшін полицейлер «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының Сайрам ауданындағы бөлігін жауып тастады.