Оңтүстіктің мәдениетін Ахметжанов басқарады

204
0

Бүгін конкурстық іріктеудің негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы лауазымына Ахметжанов Нұрболат тағайындалды деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ахметжанов Нұрболат 1963 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі концерттік орындаушы, оқытушы, заңтану бакалавры.

1990-1998 жылдары Павлодар облыстық филармониясында концертмейстер, оркестр директоры, оркестр артисті, С.Торайғыров атындағы Павлодар педагогикалық институтында педагогика және музыкалық-эстетикалық тәрбие беру кафедрасының оқытушысы қызметтерін атқарған.
Мемлекеттік қызметтегі өтілін 1998 жылы Павлодар облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары ретінде бастаған.

2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде халық шығармашылығы және аймақтық саясат басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппараты заң бөлімінің бас консультанты лауазымдарында қызмет атқарған.

2006-2014жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде өнер департаменті директорының орынбасары, мәдениет және тілдерді дамыту департаменті директорының орынбасары, Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттамалар басқармасының басшысы болып істеген.

2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер жұмыстары жөніндегі департаменті директорының орынбасары қызметінде болған.