СОПБЕКОВТЕН КІСЕН АЛЫНЫП, ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСЕДІ МЕ?

273
0


Биылғы шілде айының соңында Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Амангелді Сопбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы ОҚО департаменті қызметкерлерінің қолына облыстық білім басқармасындағы лауазымды тұлғаға 3 миллион теңге пара берді деген күдікпен айыпталып, үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Бұл турасында «Уақыт» газетінде «Нұр Отанды» жеңген депутаттың қолына кісен салынды» атты мақала (30.07.2016 жыл, №20) жарық көргенінен көпшілік хабардар. Одан бергі мезгілде біраз уақыт өтті.
Бізге сенімді дерек көздерінен келіп жеткен соңғы мәліметтерге қарағанда, қазір Амангелді Сопбековке қатысты іс қылмыс құрамы болмауына байланысты қысқартылу қарсаңында екен. Осы мәлімет шындыққа айналса, жақын күндері директор-депутат толығымен ақталып, өзінің байырғы қызметіне қайта кіріспек. Біз дәл осы мәселеге байланысты қандай да бір жаңалық болып жатса, оқырмандарды ол ақпаратпен егжей-тегжейлі хабардар етіп отырмақпыз. Азаматтың азаттыққа шығып, аман болғанына не жетсін?!
«Уақыт».