Əкімдер есеп беруде

316
0



Шымкентте аудан әкімдерінің халық алдында есеп беруі басталды.
Бұл – жыл сайын осы мезгілде өтетін маңызды жиын.

№52 жалпы орта мектебінде өткен есепті жиында Абай ауданының әкімі Ахмет Татыбаев тұрғындарға өткен жылы аудандағы санитарлық тазалық, көгалдандыру, көріктендіру, ауыз су, газ, электр қуаты және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету, жол құрылысы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері, құқық қорғау, ретсіз сауда, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен 18 жасқа дейінгі балалардың жәрдемақысы туралы өткен жылы істелінген жұмыстармен таныстырып өтті. Есеп беру жиынына қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов қатысып отырды.

Есепті кездесу барысында тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарға тиісті жауап берілді. Сонымен қатар, Абай ауданында 2017 жылы атқаралытан жұмыстардың негізгі бағыттары айтылды.

Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов «Бадам-1» тұрғын алабындағы №105 жалпы орта мектебінде жергілікті тұрғындармен кездесіп, өткен жылда атқарылған жұмыстарды саралады. Сонымен қатар, алдағы негізгі міндеттерді атай отырып, тұрғындардың қойған сауалдарына тұщымды жауап берді.