Бүгіннен бастап «Уақыт-kz порталы» ақпарат агенттігі өз алдына дербес жұмыс істейді
Бұл агенттік алғашқы есепке алу кезінде 1999 жылы №156 есеппен тіркеуге алынған. Соңғы рет 02.11.2016 жылы қайта есепке қойылған. Қазіргі кезде ақпараттық агенттік өзінің жұмысын толық жолға қою үстінде.
Меншік иесі – «Сапар-пресс» ЖК болып саналатын агенттік алдағы уақытта күнделікті жаңалықтар мен хабарларды тұрақты түрде беріп отыратын болады. Негізінен өмірде болып жатқан қоғамдық, саяси, әлеуметтік мәселелерді негізгі нысана етіп алып, сол мақсатта жұмыс атқарады. Әлеуметтік желіде оқырмандар үшін парақшалар ашып, ақпараттарды бейнежазба күйінде беру жоспарланған. Жарнамаға да тұрақты орын беріліп отырады. Бізбен тұрақты байланыста болып, әріптес серіктес ретінде байланысыңызды ұдайы жалғастырып отырыңыздар. Ақпараттық порталдың мақалаларын мына сілтеме бойынша www.uakit.kz оқи аласыздар!