ОҚО ƏКІМІ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТҰРҒЫНДАР САУАЛЫНА ЖАУАП БЕРЕДІ
Бүгін 8 маусым күні сағат 19-00-де Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында халықтың үні мен биліктің ісін үйлестіруге арналған «Әкім сағаты» хабарына қатысады. 1,5 сағаттық тікелей эфирде өңір басшысы тұрғындар тарапынан түскен сауалдарға жауап беретін болады.
Төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне -53-52-17; -53-94-72; -55-12-09 сұрағыңызды қоюға және 8702-198-53-23 нөміріне уатсап желісі арқылы не болмаса akimgesurak@gmail.com электронды поштаға сұрақтарыңызды жолдап өздеріңізді толғандырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндіктеріңіз болады. Сондай-ақ, сауалдарыңызды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің facebook әлеуметтік желісінде көрсетілетін тікелей трансляция кезінде де жолдауыңызға болады.